jasqazaq.kz

Туған немересінен теріс айналған әжей

28 мамыр 2018, 13:33

Атырауда 7 жасар немересін асырап алған әйел, оны бір айдан кейін балалар үйіне қайта табыстады. Ол өзінің бұл әрекетін бала күтушісі ретінде алатын жәрдемақы аздығымен түсіндірді. 

NUR.KZ. хабарлағандай, Атыраудағы «Болашақ» балалар үйінің директоры Гүлсара Ботатаеваның айтуынша, балаларды асырап алумен қатар оларды қайтарып жататын да оқиғалар кездесіп тұрады.
«Рая есімді қыз туыла сала балалар үйінде тәрбиеленіп келді. Алайда уақыт өте келе біз оның апасын тауып алдық. Әжей оны асырап алуға келісімін берді» , — деп айтты балалар үйінің басшысы.
Туған немересін асырап алған әжей жәрдемақының алғашқы төлемін алған кезде, Раяны бірден балалар үйіне қайта өткізіп тастаған. Оның айтуынша, ол жәрдемақы мұндай төмен мөлшерде болатынын білмей қалған.
Бүгінгі күні, туған апасы теріс айналған Раяның жағдайы мәз емес. Онымен психолог мамандар жұмыс жүргізуде.
«Ол үлкен психологиялық жарақат алды. Қатты жылады. Бүгінгі күні оны қалыпты жағдайға келтіру үшін қолдан келердің бәрін істеп жатырмыз», — деп айтты Гүлсара Ботатаева.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен