Цифрландыру — қолайлы жүйе

25 маусым 2018, 11:06

Елбасының биылғы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Ха­лықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы»   жаңа  жүйе әзірленген болатын. Бұл жүйе еліміздегі медицина саласын цифрландыруға  бағытталған. Қарағанды облысына қарасты Балқаш қаласында орналасқан  №1 диагностикалық орталыққа бас сұққанымызда, емханадағы оң өзгерістерді байқадық.

     Орталық балқаштықтарға ғана емес, сол маңдағы өзге де елді мекеннің тұрғындарына қызмет көрсетеді екен. Ал қазір бұл аймақта шамамен 150 мыңнан астам халық тұрады.

Соңғы озық технологиямен жабдықталған флюрографиялық аппарат, лоркомбайн және УДЗ қатерлі дертті дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде жаңа қондырғыларға қаралу үшін ауыл-аймақтан келіп жатқан жұрттың қарасы қалың. Орталықта науқастарды қабылдау ауылдық емхана мамандарының бағыттамасы арқылы немесе азаматтардың өз өтініші бойынша жүргізіледі. Медициналық қызметтің кешенді түрі орталыққа келген әрбір науқасқа тегін көрсетіледі. Кешенде окулист, лор, кардиолог, пульмонолог, нефролог, ревматолог, эндокринолог, функционалды және эндоскопиялық диагностика дәрігерлері бар. Орталықта жоғары сыныпты УДЗ аппараты, көз және тыныс жолдары органдарының патологиясын анықтайтын аппарат бар. Бұл аппараттар науқастың дертін тез арада анықтап, оларды уақытында емдеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда  науқас­тардың электронды тіркеуі, емдеуге жатқызу порталы және ем­ханаға бекітілетін халықтың тір­кеуін әзір­леу жұмыстары жолға қойылған.

Серікбол Түсіпбеков, Балқаш қаласы № 1 диагностикалық емханасының басшысы: «Цифрландыру бағдар­ламасы денсаулық сақтау жүйесін, үйге жедел жәрдем мен дәрі­герді шақырудан бас­тап бүкіл профилактикалық, диагности­калық және емдік медициналық қыз­меттерді толық қамтуы тиіс. Бұл ретте осы қызметтердің бар­лығы өзара байланысып, бірыңғай  ақпараттық жүйе­ге біріктірілді. Осы­ны ескере келе, Елбасы тапсырғандай, ден­саулық сақтау саласын цифр­ландыру арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттырып, халық үшін қолайлы медициналық қызмет  жасаудамыз. Бұл орталық Қарағанды облысы бойынша ең ірі емхана. Ал емханадағы цифрландыру жүйесі 2016 жылдан бері пилотты режімде жұмысын бастаған болатын. Ал қазір жүйе толықтай цифрландырылды. Медициналық орталық қала тұрғындарынан бөлек, Ақтоғай, Приозерск, Сарышаған, Шет аудандарының халқына медициналық  қызмет көрсетеді. Қарағанды облысы денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтарды орындауда көшбасшы аймақ болып келеді.

Мұнда шалғай ауылдарға дейін кешенді медициналық көмек жұмыс істейді. Қазіргі уақытта біздің барлық дәрігерлер, сонымен қатар қала тұрғындары «ДамуМед» смартфон  қосымшасын пайдаланады. Осы қосымша арқылы дәрігерге кезекке жазылып, қажетті анализінің қорытындысын көре алады. Қазір біздің ауруханада қағазға толтыру деген атымен жоқ. Құжаттардың барлығы электрондық жүйе арқылы жүргізіледі».

Элек­тронды денсаулық паспор­ты арқылы дәрігерлер науқастың денсаулығына қа­тысты барлық ақпаратты алатын болады. Сол сияқты емделушілер де атал­­ған ақпа­ратпен танысып, ме­дициналық қызметті  бағалай алады. Базада электронды ден­саулық сақтау паспорты, науқастың және дәрігердің жеке кабинеті ашылып, ол жерде қажетті ақпарат алма­суға мүмкіндіктер бар. Жүйенің артықшылығы сол,  дәрігерлердің  есеп тапсыруы да электронды түрде жүзеге асырылады. Қазір мен бөлмемнен шықпай-ақ әр дәрігердің кімді қабылдап отырғанын, кімге қандай бағыттама бергенін бақылай аламын. Қажетті есепті  да қарай аламын. Бұрын қалай болатын?  Мен белгілі бір есепті алу үшін барлық дәрігерді жинайтынмын, қажетті есептерді әрқайсысына бөліп тапсыратынмын. Ал қазір ешкімді шақырмай-ақ күнделікті есепті бақылай аламын. Алғашқы кезде тұрғындар электронды жүйеге үйрене алмады. Себебі қарт адамдар қағазбастылық, құжат толтыру сынды мәселелерден біразға дейін арыла алмай жүрді. Енді қала тұрғындары  бұл жүйеге біртіндеп үйреніп келеді. Жастар жағы әр уақытта да жаңа нәрсені тез қабылдайды. Бұрынғыдай емхананың ішінде кезек күтіп, шаршап-шалдығып тұрған адам жоқ.

Қазір сандық технологиялар жылдам дамып жатыр. Бір-екі жылдан кейін бұл жүйе де кез келген медициналық ұйымда күнделікті үрдіске айналады.

Медицинадағы цифрландыруға біз мақсатты түрде біртіндеп көшіп жатырмыз. Цифрландырудың ең тиімді тұсы — дәрігердің де, науқастың да уақыты тиімді жұмсалады.

 

 

Мақпал Ноғайбаева

 

 

 

30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды