Цифрландыру: бүгін және ертең

13 маусым 2018, 17:26

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында цифрландыру мәселесін дамытуды ерекше атап өткен болатын. Осы ретте, еліміздің бәсекелестік жағдайда дамуына ықпал ететін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асуда. Бағдарлама аясында мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыстар атқарылуда. Мұндай бағдарламалар аймақтарда қалай жүзеге асуда? «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шын мәнінде халықтық жобаға айнала ма? Біз осыны саралап көрелік.

Ақпараттық қауіпсіздік дегеннен шығады, «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы – эфирлік және жерсеріктік желілерде телевизия, радио бағдарламаларын қабылдауды қамтамасыз ететін еліміздегі телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор болып табылады. Қазіргі таңда «Қазтелерадио» компаниясы эфирлік цифрлық телевизия және радиохабар тарату желісін, ұлттық жерсеріктік теледидар және радиохабар тарату жүйесін дамыту, еліміз бойынша жоғары техникалық сапалы телевизиялық, радио сигналдарды үзіліссіз қабылдау мүмкіндігімен қамтамасыз ету, телебайланыс, бейнетасымалдауды өткізу бойынша қызмет ұсыну сынды бірнеше стратегиялық бағытта жұмыс атқаруда.

«Казтелерадио» АҚ Атырау облыстық телерадиохабарларды тарату дирекциясының директоры Дархан Хұсыновтың айтуынша, компанияның 2011-2021 жылдарға арналған стратегиялық бағыттарын қамтамасыз ететін негізгі мақсаттарына сәйкес, қазіргі таңда жергілікті жердегі халықты 2021 жылы эфирлік цифрлық теледидармен қамту деңгейін 95 пайызға жеткізу бағытында жұмыс атқарылуда. Атырау облысы бойынша аналогтық 45 радио және телехабарлар тарату стансасы қызмет етеді. Облыс орталығындағы жоғарғы қуатты радиотеледидар тарату стансасынан 11 телеарна, 10 радио хабар таратылады. Қазіргі таңда аудан орталықтары және одан төменгі орналасқан елді мекендерде отандық «Хабар», «Қазақстан», «24kz» телеарналары, облыстық «Атырау» телеарнасы тұрақты көрсетіледі. Сонымен бірге «Қазақ» және «Шалқар» радиолары үзіліссіз хабар таратуда. Аналогтық эфирлік желіде отандық телеарналар желісімен аймақтағы елді мекендердің 95 пайызы, облыстық «Атырау» телеарнасымен 77 пайызы қамтылып отыр.

Ал негізгі тақырыпқа келсек, Атырау облысы бойынша ұлттық цифрлық теледидардың қосылым деңгейі — 61 пайыз. Бір қызығы, цифрлық қосылым Махамбет және Жылыой аудандарында жоғары деңгейде болса, ең төменгі 50 пайыздық көрсеткіш Атырау қаласы мен Индер ауданына тән. Оның себебін Дархан Хұсынов ақпараттық қауіпсіздік мәселесімен түсіндіріп отыр. Ол «Жоба бойынша, облыс көлемінде жоспарланған цифрлық эфирлік теледидары сигналымен қамту деңгейі 90-95 пайыз болуы қажет екен. Цифрлық эфирлік теледидар сигналымен қамтылмай отырған Жылыой ауданының Майкөмген ауылының тұрғындары, Қызылқоға ауданының Тайсойған ауылының тұрғындары, Құрманғазы ауданының Үштаған ауылы тұрғындары жерсеріктік ОТАУ ТВ теледидарымен бүгінде 95 пайызға дейін қамтылып отыр. Бұл әжептәуір көрсеткіш. Бірақ Ресей елінің шекарасына таяу орналасқан Құрманғазы ауданына қарасты Қиғаш ауылының тұрғындары цифрлық эфирлік теледидармен қамтылмай келеді. Отандық жерсеріктік ОТАУ ТВ теледидарымен қамтылу деңгейі небәры 50 пайыздан әріге аспай отыр. Аталған елді мекен тұрғындарының таңдауы негізінен шетелдік жерсеріктік теледидарға түсуде. Облыс көлемінде жергілікті тұрғындардың шамамен 15-16 пайызы шетелдік жерсерікті пайдалануда. Негізінен бұл жерсеріктік теледидарлар Ресей елінің операторларының қызметі. Олардың көпшілігінің Қазақстанда бірде-бір өкілдігі жоқ. Бұл еліміздің қолданыстағы нормативтік-құқықтық базасының сақталмай отырғандығын көрсетеді. Сондықтан, ақпараттық қауіпсіздікті нығайту мәселесіне көбірек назар аударғанымыз жөн. Әрі тұрғындар отандық жерсеріктік теледидардың сапалы қызмет көрсететінін білсе екен», — дейді.

«Қазақтелеком» АҚ Атырау облыстық филиалының Атырау қаласы бойынша жергілікті желілер техникалық торабының директоры Нұрлан Мақұлов «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында Атырауда тағы бір-екі тың жобаның жүзеге асып жатқанын айтты. «Қазақтелеком» компаниясының Атырау облысы бойынша дирекциясы биыл «Бұлтты бейнебақылау» жобасын іске қосыпты. Жобаға 185 үй қосылады. «Бұл жоба «Қауіпсіз қаланы» құру үшін керек. Аталмыш жоба абоненттерге ұялы телефон немесе дербес компьютер көмегімен нақты уақыт режимінде өз үйлерінің кіреберісінде болып жатқан оқиғаларды қадағалауға, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оның айтуынша, жобаны жүзеге асыру аясында кезең-кезеңмен бейнебақылау камералары қойылады. Ол «Мәселен, 1-кезеңде 10 кіреберісте 20 камера, 2-кезеңде 649 кіреберіс 1314 бейнебақылау камерасымен қамтылатын болады. Ал 3-кезеңде 330 подъезге 660 камера қойылады» деді.

Кіреберісте бірыңғай бейнебақылау желісіне қосылған екі-екіден бейнекамера қойылады. Олар кіреберістерді және олардың алдындағы алаңдарды түсіреді. Жеті күндік бейнеархив пен подъезге қойылған екі бейнекамераға айына 300 теңге төленеді.

Тағы бір инновациялық бастама Smart City жобасы аясында жүзеге асады. Биыл басталатын пилоттық жобаға Атырау қаласынан 180 пәтер қатыспақ. Н.Мақұлов «Ақылды үй» жобасы аясында пәтерлерге бейнекамера, көрсеткіш беру қозғалысы, электр есептегіштердің дерегін есептеу жүйелері, сумен жабдықтау жүйесі қойылады» деді. Осылайша, Атырауда байланыс, интернет және қызмет көрсетуді қала мен ауыл тұрғындарына қолжетімді ету үшін нақты қадамдар жасалып жатыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА,

Атырау облысы.

Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.

06 мамыр, 18:18
Дастан Өмірбаев: Алматыда өңдеу өнеркәсібі 21 пайызға артып, еліміздегі ең жоғары өсім қарқынын көрсетті
06 мамыр, 15:52
Түркістан: Әйелдер мен балалар қауіпсіздігі – күн тәртібінде
06 мамыр, 15:17
Түркістан полициясы оқушылардың қауіпсіздігіне мән береді
06 мамыр, 14:42
Түркістан: Екі ауылда полиция бекеттері ашылды
06 мамыр, 14:25
Түркістан: Арыста кадет сыныбына ерлікпен қаза тапқан полицейдің есімі берілді
02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз