jasqazaq.kz

Трансвеститтердің түнгі клубына барған мұғалімдер: белгілі тұлғалар не дейді?

17 қантар 2024, 12:28

Бұрынғы білім министрі, қазір Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов трансвестит шоуына барғаны үшін жұмыстан кеткен қызылордалық мұғалімдерді жақтады. Ұстаздардың бұл әрекеті қоғам назарына ілігіп, көпшіліктің талқылауына түскен болатын.

Әлгі екі мұғалімнің өз еркімен жұмыстан кеткені туралы айтылғанымен, Қызылорда облыстық білім басқармасы олардың жұмыстан кету себебін кеше басқаша түсіндірді.

Ал Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов КТК арнасына берген сұхбатында, мұғалімдердің жеке өмірі мен өз құқықтары бар екенін айтты. Ол: «Ұстаздар да адам. Олардың құқығын шектеуге болмайды. Сондықтан бұл жерде біз мұғалімдерге қойылатын талаптарды анық ажыратуымыз керек. Әрине, жоғары талаптар өз алдына. Бірақ олар біздің азаматтар екенін түсінуіміз керек. Бұл жерде істің мән-жайына барып, олардың кінәсі неде екенін ұғынуымыз керек», — деді.

Jasqazaq.kz осы оқиғаға қатысты белгілі журналист Марат Тоқашбаевтың пікірін сұрап-білді.

«Біз бұған екі тұрғыдан қарауымыз керек. Біріншіден, ол ұстаздар шетелге барып қызметтік борышын өтеп жүрген жоқ. Қазақстанда емес, өзге мемлекетке демалуға барды. Кәмелетке толған, оңды-солын таныған азаматтар. Екіншіден, олар ЛГБТ мүшелері болып бірге барды ма, біз ол жағын білмейміз ғой. Сондықтан оларға қысым көрсетудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Мүмкін олар осыны көзімізбен көрейік деген шығар. Шәкірттерімізді осылардан сақтауымыз керек деген оймен барған болар. Осыған бола оларға репрессиялық әрекет жасау дұрыс емес. Қудаламас бұрын алдымен мән-жәй толығымен анықталуы керек. Олардың қандай оймен барғаны сұралу керек»,- деді ардагер журналист.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?