jasqazaq.kz

Төзімді болайық

01 мамыр 2020, 13:20

15 наурызда елімізде коронавирус жұқтырғандар саны сегіз еді. Сәуірдің аяғында үш мыңнан асты. Карантин енгізбегенде, дертке шалдыққандар бұдан да көп болар ма еді, кім білсін. Өйткені сақтық шараларын кешеуілдеткен елдердің алған сабағы ащы.

Тәжтажал қай мемлекет үшін де ауыр сынға айналды. Бейбіт өмірдегі (иә, солай деуге тура келеді, себебі қазіргі жағдайды кейбір сарапшылар үшінші дүриежүзілік соғысқа теңеп отыр) үйреншікті нәрсенің қадірі артты. Әсіресе, қайда барғың келсе, сонда тартып кететін еркіндікті айтсаңшы!

Мойындау керек, коронавирус көп нәрсенің бетін ашты. Тоқ жылдар бізді төзімнен жұрдай етіпті.

Өткенде көрші елден 200-ге жуық студент оралды. Әлбетте, келе сала карантинге жатқызылды. Көп ұзамай біреулері байбаламға басты: «Тамағы дәмсіз, төсегі қатты, тарақан өліп жатыр» деп. Шіркін-ай, «14 күн тегін тамақ, мамық болмаса да жатын орным бар, байғұс тарақан да өліп қалыпты, шүкір» демеді. Жарайды, оны бала дейік. Шетелден келгенде оқшауланған үп-үлкен апамдар да бесжұлдызды қонақ үйді аңсап, бұртиған жоқ па? Бұл енді барып тұрған кесірлік. «Елге аман-есен оралдым, аяқ-қолымды жерге тигізбей алып келген айналайын үкімет» дегендер аз.

Түрлі себеппен шетелде жүрген қандастарымыз қиналған кезде «бізді тездетіп әкетіңдер», «мына жақта ала көзімен қарайтындар көбейді», «ақшамыз таусылды, қарнымыз ашты» (демалуға барғандар) деп жамырасты. Бұған дейін елді жамандап, сыбайтындарын (бәрі емес әрине) ұмытып кетті. Обалы нешік, сыртта оқып жүрген, демалуға барған т.б. деп бөліп-жармай, жер-жерге арнайы ұшақ жіберіп, отандастар елге әкелінді. Қайда жүрсең де, арқа сүйейтін мемлекетің бар екенін, одан кез келген уақытта көмек сұрай алатыныңды, оның саған қол ұшын беретінін сезіну қандай бақыт екенін солар білді ме екен?!

Бұл індет өзімшілдіктің Өршігенін де байқатты. Вирус жұқтырғандардың аты-жөні неге айтылмайды деп таңданып жүрсек, оның себебі бар екен. Масқара болғанда, дертке шалдыққандар өлімнен емес, адамнан сескенетін болыпты. Әсіресе, тұтас подъезд немесе үйдің карантинге жабылуына себепші болғандардың жағдайы мүшкіл. Көрші-қолаң көзімен атып, туған-туыс жолауға қорқады. Жасыратыны жоқ, AIDS /СПИД- ке шалдыққандарға үрке қарайтын әдеттен әлі арылған жоқпыз. Енді оған коронавирус қосылды ма? Мамандардың сөзіне сенсек, бұл вирустан жуық арада құтылмаймыз. Оған бейімделуге тура келеді. Жұқтырып алмасыңа да кепілдік жоқ. Сондықтан қараптан-қарап жауығудың орнына төзімді болайық.

Карантин енгізілгеннен бері эколог біткен «ауа тазарды» деп бөркін аспанға атып жатыр. Сол сияқты, әр адамның тәубеге келіп, жан-дүниесін тазартатын сәт туды, білем. Бәлкім, тәжтажал сол үшін берілген мүмкіндік?

Гүлнар АХМЕТОВА

22 сәуiр, 14:30
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: в столице проходит международная книжная выставка
21 сәуiр, 15:22
В Туркестанской области строится крупная солнечная электростанция мощностью 300 МВт
21 сәуiр, 15:08
Туркестан: Мощность завода по производству холодильников достигнет 50 тысяч единиц в год
21 сәуiр, 15:07
Туркестан: Весенне-полевые работы и орошение ведутся в соответствии с планом
21 сәуiр, 12:17
Кадырболат Мусагалиев: Основная цель - повышение статуса государственного языка в общественном пространстве
20 сәуiр, 16:12
Туркестан: Ведется комплексная работа по развитию инфраструктуры питьевого водоснабжения
20 сәуiр, 15:58
Қызылордадағы зауыттар цифрлық басқару арқылы бақыланады
20 сәуiр, 14:46
Туркестан: Работы по ремонту дорог идут полным ходом
20 сәуiр, 14:42
Туркестан: Объездная дорога в Сарыагаш усилит международные транзитные связи