jasqazaq.kz

«Төсек қатынасына күштеді»: декретте отырған полицейдің үстінен Көкшетаудың жезөкшелері арыз жазған

18 қараша 2024, 14:40

Қостанай облысының полиция департаменті өз штатындағы қызметкер Көкшетау қаласында заңсыз әрекет жасағанын растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дәлірек айтсақ, әлеуметтік желіде таралған ақпаратқа сай, ол Көкшетаудағы пәтерлердің бірінде жеңіл жүрісті қыздарды төсек қатынасына итермелеген. Редакция бұл фактіні растау үшін ішкі істер министрлігі, Қостанай облысының полиция департаменті мен Ақмола облысының полиция департаменттерінен ресми пікір сұратты.

Қостанай облысының полиция департаменті өз комментарийінде желіде тараған ақпаратты «заңсыз әрекет» деп атап, полиция қызметкері осы жылдың сәуір айынан бері декреттік демалыста екенін хабарлады.

«Қызметкер сәуір айынан бастап декреттік демалысқа шыққан және заңсыз әрекет жасаған кезде өзінің қызметтік міндеттерін орындамаған. Барлық іс-әрекеттерді ол жеке тұлға ретінде, полиция жұмысынан тыс жасады. Қостанай облысының полиция департаменті заң бұзған адамның мәртебесіне қарамастан, кез келген заң бұзушылықтарды қатаң айыптайды», — деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.

Дереккөзге сүйенсек, қазір мән-жайды анықтау үшін қызметтік тергеу басталған.

«Егер теріс қылық фактісі расталса, қызметкер заңға сәйкес жауапқа тартылады», — деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.

Ал, Ақмола облысының полиция департаменті біздің сұрауымызға өзге БАҚ-да жарияланған мақаланың сілтемесін жіберді. Дәл сол мақалада полицияның үстінен жезөкшелер арызданғаны айтылған.

Ақмола облысының полиция департаменті осы іске қатысты нақты кімнің арыз жазғаны және зорлық-зомбылық фактісінің болған-болмағанын әлі растаған жоқ.

30 желтоқсан, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды