Мәскеуде төртінші қабаттан құлап түсіп, жан сақтау бөлімінен бір-ақ шыққан қазақстандық Томирис Байсафаның анасы желіде жан тебірентерлік жазба қалдырып, көпшілікті жылатты.
«Махаббат мейірімді әрі төзімді. Махаббат тәкаппарлықтың не екенін білмейді, ол барлық жамандық атаулыдан ада. Қызым өмір сүр, біз сенімен біргеміз», — деп жазған.
Аталған жазбаны оқыған желі қолданушылары анасына «төзімді болыңыз» деп, «Томиристің тез жазылып кетуін» тілеп жатты.
Олар «Алла шипасын берсін», «Уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады» деген пікірлерін жаудыруда.
Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің Мәскеу мемлекеттік институтында оқитын Томирис Байсафаның төртінші қабаттан құлап түскені белгілі болған еді. Ол көптеген жарақаттар алып, мәскеулік емханалардың жан сақтау бөлімінде жатқан еді. Бүгінде бойжеткен санавиация көмегімен Астанаға жеткізілді.