jasqazaq.kz

Төреғали қажы болатын болды

27 ақпан 2018, 18:16

Әнші Төреғали Төреәлі Меккеге кетті

Төреғали ТӨРЕӘЛІ Меккеге кетті. Бұдан бұрын әлеуметтік желіде өзінің сәждеге жығылғанын жеткізген ол енді қажылыққа баруды жөн көрсе керек. Актер Әсет ЕСЖАН инстаграмдағы парақшасына: «Қажекелерді сапарға шығарып салу сәтінен. Қабыл болсын, бауырлар!» — деп, Меккеге аттанып бара жатқан бір топ жолаушылардың суретін салды. Олардың арасында Төреғали мен қатар «Өнер қырандары» театрының жетекшісі Мадияр СЕРІКБАЕВ пен жас актер Мерей Маханов та бар.

Тыңдарманына «Сөз беремін, мен енді өзгеремін…» — деген Төреғали осылайша хақ жолына түскенге ұқсайды.

Осыдан біраз уақыт бұрын ол өз парақшасына Мұхаметжан ТАЗАБЕКОВ пен уағызшы Әбдуғапар СМАНОВПЕН түскен суреттерін жариялаған. Алайда мұны көрген оқырмандардың пікірі қаққа жарылған еді. Бірі Төреғалидың бұл бастамасын құптаса, бірі оған аяғын «аңдап» басуға кеңес берген.

Мәселен ел ішінде ұстаз атанған Смановпен түскен суретіне i_am_shynar есімді желі қолданушысы: «Бұл ұстаздың бағыты дұрыс емес» — десе, rozaledi деген атпен тіркелуші: «Осының жанына жолай бермеші, сақалды болып шыға келесің. Тыныштық керек, жетпей тұрғаны сол еді», — деп Төреғалиға дүрсе қоя берген.

ratel.kz

30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді