Үндістанның Агра қаласында үйлену тойына келген қалыңдық пен күйеу жігіттің туыстары жайылған дастархан үшін жанжалдасты, — деп хабарлайды koktebel сайты.
Видеодан қонақтардың төбелесіп жатқанында қалыңдықтың қашып шыққанын көруге болады. Төбелес жұдырықтасумен ғана шектелмей, құдалар бір-біріне орындық лақтырып, үстелдерді төңкерген. Куәгерлердің сөзінше, құдалар жайылған дастархан үшін сөзге келіп қалып, артынша жанжал жаппай төбелеске ұласқан.