jasqazaq.kz

Тоғыз жыл құлдықта болған 11 жастағы қызды туған анасы бас тартқан (видео)

08 маусым 2018, 11:06


Тоғыз жыл құлдықта болған 11 жастағы қызды туғандары қамқорына ала алмай жүр. Өйткені нағашылары төрт баласымен жалдамалы үйде  тұрады. Жағдайлары  төмен. Ал өзімен бірге құлдықта жүріп, бар азапты бірге көрген туған шешесі  одан бас тартып  отыр.

«Еуразия» арнасы хабарлағандай, әкесі де тәрбиеме бағынбайды деп  бауыр   етін үйінен қуып   шыққан. Жақындарынан пана іздеген Дильназ бізге құлдықта кімдер қай  жерде   ұстағанын    айтты…  «Кішкентай   үй бар еді   сарай сияқты. Суық   еді. Отын әкелмеуші   еді. Көмір   бермеген. Макарон күнде алып   пісіре     береміз» — дейді Дильназ.

Азапты  тоғыз   жылын   Дильназ   осылай  емін-еркін   баяндай   бастады   бізге. Бір    байқағанымыз, көзінен   бір   тамшы   жас    шықпады. Өйткені, таяқ   жеп, аштан  қалатын  күндерге  еті әбден үйренгенін   айтады. 2009 жылы  шешесі   жұмыс  іздеп Еңбекшіқазақ  ауданы, Ақбасар ауылына сиыр  саууға барған.  Шөп орды, қора  тазалады   анам, дейді. Сөйтіп, тоғыз  жыл  қинап  құл   еткен. Тек, қыстыкүн  іанасы  қатты   ауырып  пайда  болмаған   соң  қожайындары  қуып   жіберіпті.
«Ал, бізді жіберген соң қорқыту басталды. Сендер  біреуге  бірнәрсе   айтсаңыздар, сені  балалар  үйіне  жіберіп, бәрін  кесіп   тастаймын. Ал сені психбольницаға апарамын деді мамаға» — дейді құлдықта болған қыз Дильназ Ташкенбаева.

Ауыл  фермасында  өздері  секілді  тағы 12 адам  құлдықта  жүрді ,  – дейді  Дильназ. Қашайын десе, қорқады. Қашпайын десе ұрып-соғып мезі  қылады. Тіпті  анасы  сол қыспақта жүріп үш  ұл   тапқан. Төрт баласымен  қожайынға   сыймады   ма, оп-оңай   жіберіпті. Сөйтіп, келіншек  өз  әке-шешесінің  үйіне   келеді. Бірақ аға-жеңгелері  Дильназды көріп  шошыдық — , дейді. Анасы дұрыс қарамай,  сарайда жататын күйге түскен.

«Бұл қыз сарайда жатқан. Қараусыз. Хабар жетті. Одан  кейін біз алып кеттік. Анасы бас тартты. Қыз маған  керек   емес деп. Бізге  жазып берген  распискасы бар. Уақытша қызым  ағамның  қолында  тәрбиеде  болады   деген» — дейді Дильназдың жеңгесі Жанар Кенжебекқызы.

Дильназ  қазір осы времянкада  төрт  баласы бар туғандарының  үйінде  тұрады. Аға-жеңгесінің тек біреуі   істейді. Жеңгесі  үйде. Үкіметтен жәрдемақы да ала алмайды. Мынаүйге 25 мың теңге төлейді.

Отбасының материалдық  жағдайы да мәз  емес. Сондықтан, нағашылары мемлекеттік қорғаушылар Дильназды қамқорымызға бермей ме деп   қорқады. Ал аудандық  шенділер   шешесінің бас тартқанын  растап  отыр. Тәрбиесіне  көне   алмапты. Әкесі  болса жоқ   екен. Енді, туыстарына беру үшін  анасының   құжаты болу керек   дейді. Алайда…

«Себебі  Наргиздің документтері жоқ, шешесінің. Жоқ  болған соң  біз ешқандай заңды әрекеттер жасауға мүмкіндік   жоқ. Ата-аналы   ққұқықтан    айыруға, қорғаншыларға табыстауға мүмкіндіктер жоқ болып   жатыр» — дейді Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің балалар құқығын қорғау және қорғаншылық секторының меңгерушісі Ақмарал Манасбаева.

Он бір  жасында   әріп  танымайтын Дильназды білім  бөліміндегілер   интернатқа   орналастырған. Қазір демалыс   болған  соң  жақындарында    көрінеді. Алайда құжат   рәсімделіп, қамқоршы іздейтін  болса, отбасының   барлы  қжағдайы   ескеріледі    екен. Сондықтан, аядай  бөлмеге  төрт  баласын  әрең  сыйдырған   әулетке   Дильназды   үкімет   бермесі   анық.

01 шiлде, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр