Ресейдегі Урал қаласында тісін емдетпек болған ер адам мен емхана қызметкерінің арасында келіспеушілік туындап, арты жұдырықтасуға дейін барды.
Үш күн бойы тісі маза бермеген азаматқа мекеме тиісті қызмет көрсетпей, қызметкерлері тіптен дөрекілік көрсеткен. NUR.KZ. хабарлағандай, өзінің сақтандыру полисі арқылы тісін емдемек болған ер азаматқа емхана администраторы тегін қызмет көрсетілмейтінін айтқан. Тек қана ақылы түрде ем жүретінін жеткізген әйелден себебін сұраған ер адам қызметкердің ашуын келтірді.
Жас жігіттің видеоға түсіріп тұрғанын байқап қалғанда емхана қызметкері тіптен жынданып, жұдырықтарын жаудыра жөнелген.