jasqazaq.kz

Теракт жоспарлады деген күдікпен өзбекстандықтар ұсталды

02 мамыр 2018, 14:32

Швецияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі 30 сәуірде таңертең елдің солтүстігінде және Стокгольм қаласында арнайы операция жүргізді. Мекеменің баспасөз хатшысы Карл Мелиннің (Karl Melin) хабарлауынша, террорға қарсы операция барысында үш адам ұсталған, тағы бірнеше кісіні жауап алуға алып кеткен.

Expressen телеарнасы Стокгольм қаласының солтүстігінде жүргізілген арнайы операцияның бірнеше бейнекадрын көрсетті. Швеция мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің баспасөз хатшысы Карл Мелиннің айтуынша, қауіпсіздік күштері әзірге ұсталғандар туралы ақпарат тарата алмайды. Дегенмен, арнайы операцияны өткізуге тікелей қатысқан бір швед шенеунігінің хабарлауынша, ұсталған үш азамат — өзбекстандықтар, олар Стокгольмнің солтүстігіндегі Акалла ауданында тұрған.

«Бұл адамдар Рахмат Акилов жасаған терактіден кейін арнайы қызметтің назарына іліккен. Олардың біреуі Акиловпен тікелей байланыста болған. Ол да Самарқаннан шыққан», — деп хабарлады швед шенеунігі.

Карл Мелиннің сөзіне қарағанда, ұсталғандар ұзақ уақыт бойы Швеция аумағында теракт әзірлеген. «Бұның жай-жапсары сотта белгілі болады. Бір айтарым, Швецияда, әсіресе, Стокгольмде теракт жасау мүмкіндігі әлі де жоғары, сол себепті қауіпсіздік күштері шабуылды болдырмас үшін аянбай еңбек етіп жатыр», – деді Карл Мелин.

Ұсталғандардың бірінің бауыры жергілікті SVT телеарнасына сұхбат беріп, «інісінің Швецияда емес, Өзбекстанда қиындыққа ұшырағанын» айтты. Швецияда тұратын өзбек қауымдастығы өкілдерінің хабарлауынша, 30 сәуірде ұсталғандардың бірі Ташкентте туған, ол Өзбекстандағы қуғынға ұшыраған соң Швециядан баспана құқығын алған.

«Ағайынды екеуді ұстады. Біреуі Ташкенттен келген. Жауап алудан соң інісін босатып, ағасын қамауға алған. Біздің мәліметіміз бойынша, үшінші ұсталған адам — қырғыздың Ош қаласынан келген этникалық өзбек», — деді Швецияда тұратын өзбекстандықтардың бірі.

Швеция арнайы қызметінің өкілі елде теракт жоспарлады деген күдікпен екі ағайындыны ұстағанын растады.

Еске салайық, 2017 жылы 7 сәуірде Өзбекстанның Самарқан қаласынан келген 40 жастағы Рахмат Акилов Стокгольм орталығында бір топ адамды жүк көлігімен қағып кетті. Соның салдарынан бес адам мерт болып, 15 адам жараланды.

Дереккөз: serke.org

26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті