Теміртау қаласының тұрғыны Дмитрий Зимин балалар алаңында ойнап отырған жеті жасар балаға пневматикалық қарумен оқ атты.
Қылмыстық істің материалдары бойынша, Зимин мас күйінде үшінші қабатта орналасқа пәтерінің балконында темекі шегіп тұрған. Осы кезде көпқабатты үй алдындағы балалар ойын алаңында екі бала ойнап отырған.
«Айыпталушы «МР 512″ маркалы пневматикалық қаруын алып, оқтаған. Пәтерінің балконынан балаларға оқ атқан. Алайда бірінші оғы балалар ойнап отырған құмға тиген. Зимин қаруды қайта оқтап, екінші рет атқанда оқ жеті жасар баланың оң жақ кеудесіне тиген. Оқ өкпесіне зиян келтірген», – деді сот шешімін оқығанда Теміртау қалалық соты Талғат Елеуов.
Жеті жасар бала сол жерде құлаған. Екінші бала бірден үйіне жүгіріп, ата-анасына болған оқиғаны айтқан. Артынша ата-ана жедел-жәрдем шақырған. Сақшылар кінәліні бірден тұтқындады.
Сот айыпталушыға қатысты үкім шығарды. Сот үкімі бойынша Дмитрий Зимин Қылмыстық Кодекстің 106 бабы 2 бөлімі бойынша 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Айыпталушыға қаладан кетпеу, қазіргі жұмыс орнын ауыстырмау және үнемі бақылауға алу тапсырылды.