jasqazaq.kz

Теміртаудағы сәбидің өліміне дәрігерлердің немқұрайлығы себеп болған

26 қантар 2018, 12:44

Комиссия Теміртаудың орталық ауруханасындағы бір жарым жасар баланың өліміне не себеп болғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Теміртау орталық ауруханасының инфекциялық бөлімшесі персоналының медициналық қызмет көрсетуі кезінде кемшілік анықталды. ҚР ҚК-нің 317-бабы 3-бөлігінде қарастырылған құқықбұзушылықтың (медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттемелерін тиісті деңгейде орындамау) белгілері зерттеліп жатыр. Материалдарды терең түрде зерттеудің қорытындысы бойынша, комиссия келесідей шешімге келді: Аслан Манасовтың өлімі бас миының ісінуі, мұның артынша ішкі ағзалардың түтікшелерін вирустардың зақымдауы салдарынан болған», — дейді Қарағанды облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ольга Смирнова.

Аталып өткендей, комиссия барынша ашық түрде, Аслан Манасовтың ата-анасының құжаттармен танысу мүмкіндігіне жол аша отырып жұмыс жүргізген. Комиссия құжаты Теміртау қаласының ІІБ-не жолданған.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың 3 қаңтарында Теміртау орталық аурханасының инфекциялық бөлімшесіне жедел жәрдеммен жеткізілген бір жарым жастағы Аслан Манасов сол күні шетінеген болатын. Баланың анасы Мақпал Жарылқасынованың айтуынша, дәрігерлер баланы жансақтау бөліміне жатқызып, жіті түрде ем жүргізу өтінішін елеусіз қалдырған. Осы жағдайға байланысты Теміртаудың орталық ауруханасы мен Қарағанды облысының инфекциялық ауруханасының басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті