jasqazaq.kz

Теміртауда заңсыз майнинг фермалары 440 млн теңге пайда тапқан

02 желтоқсан 2024, 16:07

Теміртау қаласында заңсыз майнинг фермасын ұйымдастыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, күдіктінің Теміртау қаласындағы өндірістік база аумағында металл контейнерлерде криптовалюта өндіру үшін арнайы жасалған есептеу құрылғыларының кешенін орнатқаны анықталды.

«Тінту барысында объектіден 156 бірлік майнинг жабдықтары (ASIC) және басқа да қосалқы құрылғылар табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүргізілуде. Тергеу аясында Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпараттар жариялануға жатпайды.

Осы жылдың басынан бері заңсыз майнингтік фермаларды ұйымдастырудың 11 фактісі анықталды, олардың қылмыстық табысының жалпы сомасы 440 миллион теңгені құрады. Тергеу барысында 269 миллион теңге сомасында майнингтік жабдықтары тәркіленіп, 373 миллион теңге сомасында цифрлық активтер өндірілді», — делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

Сотқа жіберілген екі қылмыстық іс бойынша жалпы қылмыстық табыс 216 миллион теңгені құрады. Осы істер шеңберінде 1,1 миллиард теңгелік мүлік пен 30 млн теңгеден астам цифрлық активтер тәркіленді.

Айта кетейік, криптовалюта өндіру саласындағы заңсыз қызмет елдің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан төндіретін тәуекелдердің туындауына әкеп соғады, тұтынушылар мен кәсіпкерлерге электр энергиясын жеткізудің іркілу және тапшылық тәуекелдері артады.

Қаржылық мониторинг агенттігі аталған қызмет түріне тиісті лицензия болған жағдайда ғана рұқсат етеді.

30 желтоқсан, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды