jasqazaq.kz

Телефонын тартып алған ағасын пышақтады: Бір адам өліп, үшеуі жараланды (Видео)

19 қантар 2025, 14:16

Әлеуметтік желіде тараған мәліметті қалалық Полиция департаменті растады. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, үйдегі жанжал Free Fire ойынынан туындаған. Мұстафин 21\5 мекенжайындағы үйде таңғы сағат 4.00 кезінде 21 жастағы тұрғынның телефонын үйдегі туыстары тартып алады. Соған ашуланған жігіт туыстары ұйқыға кеткен кезде пышақпен шабуылдаған. Салдарынан 1997 жылғы ағасы оқиға орнында жан тапсырған. Ал қалған 3 адам ауыр жарақатпен ауруханаға түскен.

Астана қаласы Полиция департаменті бұл фактіні растады.

— Күдікті 21 жастағы Астана тұрғыны, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға туыстарының жігіттің әрекетіне айтылған сыны себеп болған. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр, — деп жазылған полиция мәліметінде.

Фото: gov.kz

Бүгін, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет