jasqazaq.kz

Тәжікстанның бас мүфтиі бокспен шұғылданбауға шақырды

04 маусым 2018, 15:02

Тәжікстанның бас мүфтиі бокс пен ережесіз жекпе-жекті харам, яғни исламда тыйым салынған деп мәлімдеді. Бұл туралы Тәжікстан улемдер кеңесінің төрағасы Саидмукаррам Абдулкодирзода Душанбедегі жұма намазында айтты.
NUR.KZ.  хабарлағандай, «Діни тұрғыдан қарасақ, бокс пен ережесіз жекпе-жек харам болып есептеледі. Өйткені олар адам денсаулығына нұқсан келтіріп, оны мүгедек етуі мүмкін»,- деді Абдулкодирзода. «Ақша тігілетін барлық ойын түрлері мен жекпе-жектер харам. Уақытты бекер, яғни тән мен жан саулығы пайдасына қарсы өткізу — харам», — деп жалғады сөзін мүфтий.
Оның ойынша, тәжік жастары пайдалы спорт түрімен, мысал үшін күреспен айналысулары керек.
Тәжікстанға танымал бапкер Носир Азимовтың айтуынша, ол бокстың харам екенін мүфтийден бірінші рет естіп отыр. Бокстан әлем чемпионы Мавзуна Чориеваның бапкері Азимовтың білуінше, барлық мұсылман елдері боксты мойындаған.
Ол мүфтийдің осы сөзі елдегі бокс спортының дамуына кері әсерін тигізе ме деп қорқып отыр.

30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді