jasqazaq.kz

Тәуекел Мүсілім Жанар Дұғаловамен қандай байланысы барын айтты

13 ақпан 2018, 11:25

Белгілі актер Тәуекел Мүсілім әнші Жанар Дұғаловамен арасында қандай байланыс барын айтты. Бұл туралы НТК арнасындағы «Ревю» бағдарламасында айтылды.

«Күні кеше қырағы паппараццидің құрығына жұлдыздар қауымы емес, мына мен түстім. Кезекті шаралардың бірінде Жанар Дұғалова екеуімізді қатар байқап қалған журналистер қауымы, бізді сан сұрақтың астына алды. Жұрттың сөзінен жалыққандықтан, бар шындықты жайып салуыма тура келді», — деді бағдарламаның жүргізушісі Тәуекел Мүсілім

Тосыннан түсірілген кадрлар кейін қос жұлдыздың да тыныштығын қашырған. Шетелде бейқам демалып жүрген екеуінің видеосы желіге тарап кетісімен-ақ, жұрт оларды дереу жұптастырып та үлгерді.

Алайда, кейбір қырағылар жаңа махаббат хикаясының шикілігін бірден сезген. Себебі бұл, «Clear» сусабынының сәтті жасалған пиар қадамының бірі ғана.

«Бастапқыда Жанар туралы ешкімге айтқан жоқпыз. Және сондай бір, әңгіме болсын, жұрт қызықсын деп, Жанар екеуіміз кездесіп жатырмыз деп қауесет жібердік. Дегенмен, ол өзі бір ықпалын жасады. Адамдар екеуің үйленіп қойдыңдар ма деп сұрай бастады», — дейді Тәуекел Мүслім.

Қызыққұмар көпшілік Жанар Дұғаловаға да маза бермеген.

«Әрине көптеген смстер келді маған. Қыздардан көбінесе. Көбінесе сұрақтар қойылды. Бірге жүресіздер ме, Тәуекелге тұрмысқа шығайын деп жатырсыздар ма деген…», — деді Жанар Дұғалова.

Осы сарындағы сансыз сұраққа, қос жұлдыз жалғыз бейнероликпен жауап беруді жөн көрді.

«Ынтымақтастығымыздың нәтижесі сәтті болады деген сенімдемін! Жобада ат салысқаны үшін, жұлдыздарға алғысымды білдіремін», — деді Unilever Kazakhstan компаниясының бас директоры Бану Дуюлду.

Компания өкілдері, қолаң шашты Жанармен серіктестігін келешекте де жалғастыра бермек.

sputniknews.kz

30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді