Желіде «Кешью» тобының бұрынғы экс-әншісі Жанар Дұғалова мен еліміздегі ең сымбатты жігіт Тәуекел Мүсілімнің бірге жүрген видеолары пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.
Әнші мен актердің еліміздегі тау-шаңғылы демалыс орындарында қыдырып жүрген видеолары пайда болды.
Жұлдызды жұп Insta-stories-қа қаңтардың 18, Жанар Дұғалованың туған күнінде Түркияда жүрген суреттерін жүктеді.
Бұған дейін олар Әзірбайжан елінің астанасы Бакуде бірге саяхаттап жүрген суреттерін жариялаған болатын. Тіпті Тәуекел мен Жанардың үйлену тойындағы киіммен түскен суреттері көпшіліктің талқысына түскен еді.
Әзірше әнші мен актерді қандай қарым-қатынас байланыстыратыны белгісіз.