jasqazaq.kz

Тәстембеков Айқынның Жұлдызға продюсерлік етіп жүргенін растады

05 ақпан 2018, 11:17


Айқын мен Жұлдыз өмірде жұп екендерін жұрттан жасырғанымен, олардың өнер жолында продюсер мен әнші ретінде бірге жұмыс жасап жатқандары белгілі болды. Екеуі бұл жайында мардымды жауап бермесе де, Эрик Тастембеков әңгіменің шетін шығарды.Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды, деп жазды stan.kz.

Жұлдыз бен Серіктің бұл дуэті, жаңа жылдық кештердің бірінде алғаш рет орындалған. Қос әншінің бірлесіп жұмыс жасауына ұйытқы болған Эрик Тастембеков пен Айқын екен.

“Маған продюсер Эрик ағам айтты: Жұлдызбен дуэт айту керек деп. Менің білуімше Жұлдыздың тарапынан түсті. Өйткені ол сахнаға шыққысы келді. Сахнаға шықпағанына бір жыл, бір жарым жылдай болған”, – дейді Серік Гамза-заде.

«Сырласу» әні алғашқыда Серік пен Сандаға арнайы жазылған. Дегенмен, бұл қыз бен жігіттің диологын, Эриктің шәкіртінің атышулы Жұлдызбен орындауы, жеке танымалдығын арттырудың тың тәсілі ме деген ой келеді. Бірақ, Гамза-заде бұл қадамын пиар амалына балап отырған жоқ!

“Ол нәрсені өзім негізі жақтырта бермеймін. Біреудің атағының арқасында, өзім кішкене просмотр жинап қаламын-ау, атақтылық жинап қаламын-ау, деген нәрсе ұнай бермейді. Әншісің бе сен өзіңнің өнеріңмен таңқалдыр. Біреудің бірдеңе бүлдіріп қойғанымен емес”, – дейді Серік.

Дуэт жалғасын таба ма, деген сұраққа Тастембеков бұл тақырыпты Төлепбергенмен талқылау керектігін айтады. Өйткені, Жұлдыз Өмірғалидың жаңа продюсері Айқынның өзі болып шықты.

“Жұлдыз Өмірғалимен Серіктің жазған әні көпшіліктің көңілінен шығып жатқан сияқты. Өйткені, екі әншінің дауыстарында өзара үйлесімділік барын байқадым. Ал, дуэттің жалғасы жайлы Жұлдыздың продюсері Айқыннан сұрау керек!” – дейді Тәстембеков.

Бүгін, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
08 шiлде, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады