jasqazaq.kz

Таразда жалғызбасты әкелердің қозғалысы туралы айтылды

08 маусым 2018, 13:05

«Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің бөлімшелері республиканың барлық өңірлерінде ашылып жатыр.
«ҚазАқпарат» хабарлағандай, «Жамбыл облысында жалғызбасты әкелер жиі кездеседі. Біздің елімізде отбасы және рухани-өнегелілік құндылықтар институтын нығайту, сондай-ақ балаларды тәрбиелеудегі әкелердің рөлі бойынша мемлекеттік саясат жүзеге асырылып жатыр. Бұған таяуда өткен III республикалық әкелер форумы куә. Форумға Қазақстанның барлық өңірінен 200 делегат — үлгілі әкелер жиналды», — деді облыс әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Бақыт Жақсылықова. III республикалық әкелер форумына Жамбыл облысынан бес баланы жалғыз тәрбиелеп отырған «Освобождение-Юг» қоғамдық қорының президенті Дәурен Бағжанов пен жеті баланың әкесі, жеке кәсіпкер Ғалымжан Қалымбетов барады. Жамбыл облысы әкімдігі кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның дерегі бойынша, 10 мыңнан астам жамбылдық бала толық емес отбасында тәрбиеленіп жатыр. Сондай-ақ балалардың 65% — әкелері, 35% аналары тәрбиелеуде. Статистикалық деректер бойынша, Жамбыл облысы тұрғындарының жалпы саны жыл басында 1,111 млн адам болған. Соның ішінде 18 жасқа дейінгі балалардың үлесі 30% құрап отыр.

01 шiлде, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр