jasqazaq.kz

Танымал бокс жұлдыздары Головкиннің жеңісіне күмән келтірді

20 наурыз 2017, 10:31

Бірқатар атақты боксшылар «Трипл Джидің» «Миракл Мэннен» ұтылғанын мәлімдеді.

Бокс жұлдыздары «Твиттер» әлеуметтік желіде Головкин – Джейкобс кездесуіне қатысты пікірлерін айтты.

«Джейкобс өте сауатты жұдырықтасты, оның кездесуге «геймпланы» жақсы болды. Жекпе-жек өте тартысты өрбіді. Міндетті түрде матч-реванш қажет», – деді Пол Малиньяджи, деп жазады prosports.kz.

«Әділетсіздік! Менің ойымша, Дэнни жеңіске жетуі тиіс еді», – Питер Куиллин.

«Трипл Джи» тізгінді өз қолында ұстамағанын білді. Оның жекпе-жектен кейінгі түрің көрдіңіздер ме?», – Остин Траут.

«Керемет жекпе-жек!», – Теренс Кроуфорд.

«Бұл тамаша бокс кеші болды! Джейкобс батыр сияқты жұдырықтасты», – Габриэль Росадо.

«Дэниел Джейкобсқа үлкен құрмет», – Серхио Мора.

«Гонсалестен жеңісті жұлып алды, ал Джейкобс Головкиннен мықтырақ болды», – Абнер Марес.

«Қос боксшы да ұлы жекпе-жек өткізді!» – Шугар Рэй Леонард.

«Джейкобс Головкинге қарсы тамаша кездесу өткізді. Қос боксшыны да керемет жекпе-жекпен құттықтағым келеді!» – Адонис Стивенсон.

«Джейкобстың сұмдық өнеріне тәнті болдық! Головкинге құрмет, бірақ бүгін Дэниелдің кеші болды», – Андре Берто.

«Головкин мен Джейкобсты құттықтаймын. Мұндай жекпе-жек үшін алғыс айтамын. Боксты неліктен жақсы көретінімізді тағы бір мәрте дәлелдеңіздер», – Оскар де ла Хойя.

«Дэниел Джейкобс керемет жекпе-жек өткізді. Головкин сәл басымдықпен жеңіске жетті. Бірақ менің ойымша, тең нәтиже тіркесе де болар еді. Матч-реванш қажет деп ойлаймын», – Шейн Мосли.

stan.kz

 

25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова