jasqazaq.kz

Танымал әнші Араш қазақтан ән ұрлапты (видео)

07 маусым 2018, 14:52

Отандық шоу-бизнес өкілдері арасында шетелден әр ұрлап, халыққа ұсынып жүргендер жетерлік. Алайда бұл жолы керісінше. Алыс-жақын шетелдерге танымал араб әншісі Араш қазақстандық Ерлан Орынбасаровтың әнін “қолды қылған” көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл орайда әншінің жары Баян Нұрмышева халыққа өкпесі барын айтты.

“Біздің елде басқа елдің əнін біздің əншілер ұрлапты десе, барлығы жау шаптырып, отандық əншілерді кінəлай бастайды (плагиат деп). Ерекең “Жаралы” атты əнін 2014 жылы жарыққа шығарды. Қалай жазылғаны менің көз алдымда өтті.

Ал енді Араштың биылғы шыққан хит əнін біздің бірнеше əріптестеріміз хабарласып, “Ереке, сенен Араш əн ұрлапты” деп хабарласып жатты. Бірақ аса ден қоя қарамадық”, – дейді ол.

Десе де, Орынбасаровтың Арашты сотқа берер ойы жоқ. Алайда Баян халық отандық сазгерлер мен музыканттарды уақытында қадірлесе деген ойда.

“Негізі ескерсек Араш бауырымыз қазағымыздың талай тойларында(Алматы, Астана, Қызылорда) өнер көрсеткенін көзімізбен көріп жүрміз. Кез келген əнші баратын мемлекетінің мəдениетімен, өнерімен хабардар болып қайтатыны сөзсіз. Біз бұған байланысты бір дау дамай іздеп отырғанымыз жоқ. Жалпы айтпағым өзіміздің өнерпаздарды, сазгерлерімізді аса бағаламаймыз. Міндетті түрде басқа ұлттың арасына барып топ жарғанда ғана, ел-еліне, жер-жеріне дейін бөліп мақтанамыз.

Осы əнге байланысты ой-пікірлеріңізді қалдырсаңыздар. Біз үшін сіздердің, яғни нағыз халықтың пікірі маңызды. Толық нұсқаларын YouTube желісінен көріп салыстыра аласыздар”, – деді ол.

Бұл орайда Алтынай Жорабаева Баян Нұрмышеваның пікірімен келісетінін жеткізді.

“Мә мынасы нес? Расында Ерланның әнін, тіпті аранжировкасындағы дыбыстарына дейін алыпты ғой. Дұрыс айтасың, бізде өзімізден мін іздегенді жақсы көреді ғой. Сол мінді тапса, жерден жеті қоян тапқандай алақайлап, жарияға жар салады. Ал мынаны тіпті байқамай қалған ба ешкім? Ерланның жүрегінен шыққан, толғатып дүниеге алып келген сәбиіндей әні ғой”, – деді ол.

Қайырлы түн достарым! Біздің елде басқа елдің əнін біздің əншілер ұрлапты десе,барлығы жау шаптырып,отандық əншілерді кінəлай бастайды. (Плагиат деп) Ерекең «Жаралы» атты əнін 2014 жылы жарыққа шығарды.Қалай жазылғаны менің көз алдымда өтті. Ал енді Араштың биылғы шыққан хит əнін біздің бірнеше əріптестеріміз хабарласып,Ереке сенен Араш əн ұрлапты деп хабарласып жатты.Бірақ аса ден қоя қарамадық. Негізі ескерсек Араш бауырымыз Қазағымыздың талай тойларында(Алматы,Астана,Қызылорда) өнер көрсеткенін көзімізбен көріп жүрміз.Кез келген əнші баратын мемлекетінің мəдениетімен,өнерімен хабардар болып қайтатыны сөзсіз. Біз бұған байланысты бір дау дамай іздеп отырғанымыз жоқ.Жалпы айтпағым өзіміздің өнерпаздарды,сазгерлерімізді аса бағаламаймыз.Міндетті түрде басқа ұлттың арасына барып топ жарғанда ғана, ел-еліне,жер-жеріне дейін бөліп мақтанамыз. Осы əнге байланысты ой-пікірлеріңізді қалдырсаңыздар👆Біз үшін сіздердің,яғни нағыз халықтың пікірі маңызды.Толық нұсқаларын YouTube желісінен көріп салыстыра аласыздар🎶 @arashmusic

Публикация от БАЯН НҰРМЫШЕВА (@bayannurmysheva)

Бүгін, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр