jasqazaq.kz

Талғардағы изолятордан зорлық жасады деген күдікті қалай қашып шыққан?

22 қазан 2024, 10:53

Алматы облысында зорлық жасады деген күдікті Талғардағы изолятордан қашып шыққан.

Телеграм-каналдардың бірінде жарияланған бұл ақпаратты Алматы облыстық полиция департаменті растады: «Уақытша ұстау изоляторынан зорлық жасады деген күдікпен қамауда отырған азамат К. қашып кетті. Осыған байланысты «Сирена» жоспары енгізілді. Негізгі жолдарға блокбекеттер қойылып, қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құралдар жұмылдырылды».

Кеше кешке Талғар трассасында қойылған блокбекеттер ұзын-сонар кептеліс тудырған көрінеді.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды. Orda.kz уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен күдіктінің 33 жастағы Бекарыс Қалмырзаев екенін жазды. Ол айыпталып отырған бап бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылу қаупі бар.

JQ-Aqparat

Сурет: depositphotos.com
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?