Алматы облысының бозбалалары мен бойжеткендері Талдықорған қаласында өтетін спартакидаға өз бақтарын сынап, үздік екендерін дәлелдеу үшін арнайы келді. Спорттық іс-шара футзал, баскетбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат пен әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша өтті.
Ер балалар арасындағы футзал бойынша Жетісу құрамасы (Талдықорған қ.) үздік атанса, екінші орынға Панфилов ауданының аяқдопшылары қол жеткізді. Қатысушылардың тиянақты дайындалғанын атап өтпесе болмайды, алаңда нағыз қызу тартысты ойын орын алды. Қола жүлде Талдықорған қаласының №14 мектебінің еншісінде.
Қалалық қыздар да жігіттерден қалмай, баскетболдан алтын иеленді. Күміс жүлде Ескелді ауданында, қоланы Сарқандықтар місе тұтты.
Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша Панфилов ауданы жеңіс тұғырынан көрініп, Кербұлақ ауданы екінші орынға жайғасты. Ал құрметті үшінші орын Еңбекшіқазақ құрамасының қанжығасын майлады.
Шахмат нәтижелері: 1 орын – Айдынұлы Таир (Іле ауданы), Жанатбек Аида (Үштөбе қаласы), 2 орын – Досжанов Едіге, Мамекпаева Камилла (Қаратал ауданы), 3 орын –Гекк Богдан (Талдықорған қаласы), Шақуәли Жансая (Қарасай ауданы).
Тоғызқұмалақ: 1 орын – Қадырханов Бауыржан (Кербұлақ ауданы), Аятқани Аймарал (Ескелді ауданы), 2 орын –Адал Бағжан (Талдықорған қаласы), Мәнжу Айжан (Іле ауданы), 3 орын – Есерхан Жансерік, Топаған Айсұлу (Текелі қаласы).
Үстел теннисі: 1 орын — Сатыбалдиев Ерасыл, Дарюбаева Айдана (Ескелді ауданы), 2 орын – Сайлаубек Мадияр (Жамбыл ауданы), Құттыби Айкерім (Еңбекшіқазақ ауданы), 3 орын – Сәкеш Ерқанат, Жалалдин Ділназ (Керблақ ауданы).
Естеріңізге салып өтейік, спартакиаданың іріктеу кезеңдері еліміздің барлық өңірлерінде өткізіледі.
Жеңімпаздар 2018 жылдың жазында Балдәурен ойын-сауық кешенінде өтетін ақтық мәреге қатысады.
Іс-шаралар барысындағы суреттер мен толық ақпаратты www.sportfest.kz сайтынан көруге болады.