jasqazaq.kz

Таласқа түскен балалар

29 қантар 2018, 22:43

Ақмола облысында туыстары 4 және 6 жастағы екі жиенін таппай қалған. Анасы ішкілікке салынған соң балақайларды туысқандары өз қамқорлығына алмақ болыпты. Бірақ іздеп барып, орнын сипап қалған. Сөйтсе, ата-анасын құқықтарынан айырып үлгермей жатып, екі кішкентайды бөтен отбасының қамқорлығына беріпті. Бұны естіген балалардың анасы Сара Бөрібаеваның 5 аға-әпкесі жиендерін қайтарып беруін талап етуде. Олар қалалық білім бөліміне қарасты қамқорлық және қорғаншылық органы балалар тағдырымен ойнап отыр деп құзырлы орындарға шағымданды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Үйдің кішісі, кешегі ерке қыз Сараның ішкілікке салынғанын көру бірге туған бауырларына онсыз да оңайға түспеген. Қазір де басымызға түскен істі айдай әлемге айғайлап айтпас па едік, туған екі жиенімізден тірідей айрылып отырмыз,- дейді олар. 4 және 6 жастағы Диана мен Диляраның қазір кімнің тәрбиесінде екенін туысқандары білмейді. Ал бірнеше рет әркіммен некелесіп, берекесіз тірлік кешкен Сарамен кездесіп сөзге тарту шынымен мүмкін емес болып шықты.

41 жастағы Сара Бөрібаеваның алғашқы некесінен туған екі баласы нағашыларының қолында ер жетіп, өз алдына шаңырақ көтерген. Ал мына кейіннен туған екі кішкентай қызды аналары ішкілікке салынып, қараусыз қалдырыпты. Сондықтан сот оның балаларын көруіне шектеу қойған. Бірақ туыстарына ешкім ескертпепті. Олардың балаларды іздеп, қайтарып алмақ болып сабылып жүргеніне 4 ай болған.

Зәуреш Қазтаева, Сараның әпкесі:

-Тірі жетім, әке-енесі болса да. Сол енді білмеймін не істерімді? Шынын айтқанда жүрегім ауырып ауруханаға да түстім. Осы екі баланы қайтарып алғым келеді. Іздемеген. Қазіргі заманда шетелден де тауып жатыр ғой.

Туысқандары ішкілікке салынып кеткен бауырларын наркология диспансеріне де, емшілерге де апарып емдетіп көрген. Бірақ ол маскүнемдіктен арылмапты. Ал балалардың әкесі Александр туысқандарына баланы асырап алуға рұқсат берген. Соған қарамастан екі кішкентай әлдекімдердің қамқорлығына беріліпті. Қалалық білім бөліміндегілер мас әйелдің туысым жоқ дегеніне сене салған екен.

Ирина Франц, Көкшетау қалалық білім бөлімінің бас маманы:

-Балалар қазір Қазақстан азаматының қамқорлығына берілді. Анасы туысым жоқ деп айтты. Сосын балаларды асырап алғысы келгендерге бердік. Ата-анасын құқығынан айыру туралы әлі қарастырылып жатыр, тек шектеу қойылды. Туысқандары бізге ертерек келу керек еді . Ондай отбасылардың туыстарын іздеу біздің құзырымызда емес.

Балаларды іздеген Қазтаевтардың тұрмыстық жағдайын көруге Қызылсая ауылына арнайы комиссия да барған. Бірақ қора толы малы мен жайлы тұрмысын есепке алмапты. Осы жағдайдан хабардар ауыл тұрғындары да балаларды бірден туыстарына бермеген тиісті қызметтердің мынау әрекетіне аң-таң.

-Бөтеннің қамқорлығындағы 2 кішкентай жиеннің аман-есен оралуын қызылсаялықтар асыға күтіп жүр. Балалар жанашыр нағашыларының қолында тәрбие алса екен дейді олар. Нағашылары болса, бар жағдайды жасауға әзір екен.

10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті