jasqazaq.kz

Тағы бір банк депозит қабылдау лицензиясынан айырылды

29 мамыр 2018, 17:56

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 мамырдағы №91қаулысымен 2018 жылғы 29 мамырдан бастап «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-тың жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға арналған лицензиясының қолданылуы қоса алғанда 2018 жылғы 29 тамызға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, бұл шешімді Ұлттық Банк «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының г) және з) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша пруденциялық нормативтер мен нормативтік құқықтық актілерді жүйелі (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде үш және одан да көп рет) бұзғаны үшін Банктің банк заңнамасының талаптарын жекелеген бұзушылықтарға қадағалап ден қою шеңберінде қабылдады. «Лицензия жеке тұлғалардың жаңа депозиттерін тартуға және жаңа банк шоттарын ашуға тоқтатыла тұрды және Банктің қолданыстағы депозиттеріне және клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысты емес. 2018 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Банктің жеке тұлғалардың қабылданған депозиттерінің көлемі 267 миллион теңгені құрайды. Банктің жеке тұлғаларының депозиттік портфелінің үлесі банк жүйесінің жеке тұлғалары депозиттерінің жиынтық көлемінен 0,003 пайызды құрайды», — делінген хабарламада.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен