jasqazaq.kz

Т.Дүйсенова: Қысқарту келісімшартқа сай жасалды

06 ақпан 2018, 16:50

Осы аптаның басында Астанадағы «Әбу-Даби Плаза» құрылыс кешенінің 400-ге жуық жұмысшысы наразылық танытып, көшеге шықты. «Нұр Отан» партиясынан араша сұраған құрылысшылар жұмыстан заңсыз қуылдық деп шағым айтып отыр. Осыған орай, үкімет отырысынан соң еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновадан сұхбат алған едік.

— Тамара Босымбекқызы, «Әбу-Даби Плаза» кешенінің құрылысы аяқталмай жатып жұмысшылар неліктен заңсыз қысқартылуда?
— Қазір «Әбу-Даби Плаза» кешенінде 11 компания жұмыс істеп жатыр. Әр кәсіпорын құрылысшыларды қабылдаған кезде жұмыстың көлеміне байланысты келісімшарт жасайды. Ол құжатта жұмыстың көлемі белгіленген. Міне, бүгінде «Әбу-Даби Плазада» жұмыс істейтін 4 компаниядағы белгіленген жұмыс көлемі аяқталды. Қазіргі таңда компания басшылары еңбек инспекторларына жұмысшыларға жоспарланған жұмыс көлемі аяқталып жатқанын алдын ала хабарлағанын мәлімдеді. 62 жұмысшы алдын ала хабарландыру алған.
— Жұмыстың аяқталатыны туралы алдын ала хабарландыру алған 62 адамға өтемақы төлене ме? Ал жалпы 400-ге жуық құрылысшының мәселесі қалай шешіледі?
— Еңбек кодексінде көрсетілгендей, кәсіпорынның экономикалық жағдайы күрт нашарлап, жұмысшылар жаппай босатылса, онда оларға екі айлық өтемақы төленеді. Ал жұмыс көлемі азайған кезде , онда бір айлық өтемақы беріледі. Сондықтан қысқарту туралы ескерту қағазы берілген 62 адамға бір айлық көлемінде өтемақы төленеді. Қалған жұмысшылар бойынша еңбек инспекторлары нақтылап жатыр.
— Жұмысшылардың айтуынша, қысқартуға іліккендердің арасында бірде-бір шетелдік азамат жоқ екен. Жалпы осы кешеннің құрылысында қанша шетелдік компания жұмыс істейді?
— «Әбу-Даби Плаза» құрылыс кешеніндегі 11 компанияда 6 мыңнан аса шетелдік жұмыс істейді. Әрине, бұл көрсеткіш те жұмыстың көлеміне байланысты өзгеріп отырады. Жоғарыда айтып өткендей, құрылыс кешеніндегі еңбек дауы жұмыстың көлемі мен жасалған келісімшартқа байланысты болып отыр. Ол шетелдік немесе қазақстандық жұмысшы екеніне қатысты емес. Егер келісім құжаты бір жылға жасалып, бірақ бір жылға толмай құрылысшылар қысқартылып жатса, әңгіме басқа. Бұл жерде келісімшартта көрсетілген мерзім мен жұмыстың көлеміне байланысты қысқартылуда. Ал «Әбу-Даби Плаза» кешенінде қанша қосалқы шетелдік компания бар екенін нақты білмеймін. Қолымда қазір ресми ақпарат жоқ. Мұны бас мердігер кәсіпорындар өзі анықтайды. Оған біз араласа алмаймыз.

Сұхбаттасқан Бейсен Нарынбек,
Астана

08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
08 шiлде, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады
03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады