jasqazaq.kz

Сыра ішуге барған қыз ауруханадан бір-ақ шықты

25 мамыр 2018, 14:37


Өскеменде жұмыс күні аяқталысымен кафелердің біріне сыра ішуге барған құрбылар белгісіз азаматтан таяқ жеп қалған. 

 NUR.KZ. хабарлағандай, біраз уақыт өткесін оларға көрші үстелде отырған ер адам жақындап, танысуға бел байлағанымен қоймай, «әурет» жерлерін ұстауға өтініш білдіреді.
Бойжеткендер қарсылық танытқаннан кейін ер адам кетіп қалады. Алайда біраз уақыт өткесін тағы да келеді. Бірақ оның мақсаты орындалмайды.
Ашуланған ер адам бойжеткендердің бірінің басына сыраны құйып жіберіп, екіншісінің басын сыра саптыаяғымен ұрып жібереді.
Бойжеткендердің бірі шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер жабық бас сүйегінің жарақатын, оң жақтағы бас сүйегінің сынығын, орта деңгейдегі бас миының зақымдалғанын анықтады.
Қалалық №2 сотта қаралған мәселе бойынша ер адам 5 жыл бас бостандығынан айырылып, денсаулығына келтірген зиянды өтеу үшін бойжеткенге бір жарым миллион теңге көлемінде ақша төлеуге міндеттелді.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен