jasqazaq.kz

Сүйіктісіне ақшадан гүл шоғын сыйлаймын деп, заңды бұзды

30 мамыр 2018, 17:40

Қытайда ер адам сүйіктісіне банкноттардан жасалған үлкен гүл шоғын сыйлады. Сүйіктісін осылай таңғалдырғысы келген азаматты енді заңға байланысты қиындықтар күтіп тұр.

Stan.kz хабарлағандай, Қытай азаматы сүйіктісіне ақшадан жасалған гүл шоғын сыйлаймын деп, заңды бұзды.    Қытайдағы Чунцин қаласының тұрғыны сүйіктісінің туған күніне жалпы құны 334 мың юань, яғни 16 917 305,2 теңге болатын ақшадан жасалған гүл шоғын сыйлаған. Мерекелік кеште болған қонақтардың бірі банкноттан жасалған гүлді жеті флорист он сағат бойы жасаған дейді.
«Ол дос қызын қатты жақсы көреді және оның отбасында ақша көп», – деді ол.
Дегенмен, Қытай Халық банкінің қызметкері отандастарының романтикалық әрекетін ұнатпады. Сондай-ақ, ол ғашық жігіттің ұлттық валютаға қасақана зиян келтіргені үшін жауапқа тартылып, соттауы мүмкін екендігін айтты.
«Бұған тыйым салынған, себебі адамдар валютаны (юаньды) бағалаулары керек. Махаббатын білдірудің көптеген жолдары бар, бірақ ешкім заңды бұзбауы тиіс», – деп түсіндірді ол. Сонымен қатар, гүл шоғын дайындау кезінде банкноталарға зақым келгені, келмегені әзірше белгісіз.

Бүгін, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
Бүгін, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Бүгін, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді