jasqazaq.kz

Сүйіктісімен ұрсып қалған жігіт оның көлігін өртеп жіберді (ВИДЕО)

29 сәуiр 2021, 14:31


Ол алдымен аулаға шығып, көліктің әйнектерін сындырған. Кейін темір тұлпарға бензин құйып, өртеген.
Желіде сүйіктісімен ұрсып қалғаннан кейін оның көлігін өртеп жіберген жас жігіт туралы ақпарат тарады.

Бұл туралы  KAZ.NUR.KZ  Skifnews.kz сілтеме жасап хабарлады. Танымал пабликте жарияланған видеода сұр түсті көліктің жанып жатқанын анық көруге болады. Жазба авторының мәліметінше, 23 жастағы жігіт ғашығымен сөзге келіп, оның көлігіне от қойған. Ол алдымен аулаға шығып, көліктің әйнектерін сындырған. Кейін темір тұлпарға бензин құйып, өртеген. Бұл жайтқа қатысты Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті пікір білдіріп, мән-жайды баяндады.

«Полицияға елорданың 37 жастағы тұрғыны хабарласып, Бұланты көшесі бойындағы үйдің жанында «Меrcеdеs Bеnz» көлігінің жанып жатқаны туралы хабар берді. Аталған факті бойынша күдікті ретінде 23 жастағы азамат ұсталды. Белгілі болғандай осы жылдың 28 сәуірінде таңғы 06.00-де бірге тұратын азаматшамен сөзге келіп қалған жігіттің оның көлігіне от қойғаны анықталды. Осылайша ол азаматшаға 2 млн 500 мың теңге көлемінде шығын келтірген», — дейді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шауленова.

Қазіргі таңда аталған фактіге қатысты «өртеп жіберу жолымен бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Сондай-ақ жергілікті полиция департаментінің өкілдері күдіктіге қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ASTANA / НОВОСТИ / АСТАНА (@astanovka98)

16 маусым, 14:52
Түркістан: Шаньдун провинциясымен ынтымақтастық өңір экономикасына серпін береді
13 маусым, 13:49
Түркістан: Инклюзивті қоғам құру бағытында
13 маусым, 11:59
«KitapХАН». Түркістандағы өрендерді рухани құндылыққа баулитын жоба
12 маусым, 14:57
Түркістан: Әлеуметтік нысандар көбейіп келеді
12 маусым, 14:46
Түркістан: Арыста биыл 26 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
12 маусым, 14:04
Қытай сапары аясында Түркістан облысында сарымсақты терең өңдеу ісін бастау бойынша келіссөздер жүргізілді
11 маусым, 12:59
Түркістан: Әлеуметтік дамудағы қарышты қадамдар
11 маусым, 12:57
Түркістан: Отырар мен Созақ аудандарында жол жөндеу жұмыстары қарқынды
10 маусым, 18:22
Айдын Сайлаубай: «Жайлы мектеп» – баланың болашағына салынған инвестиция