jasqazaq.kz

Субсидия: 142 млрд теңге бюджет қаржысы тиімсіз пайдаланылған

11 желтоқсан 2024, 13:01

Жоғары аудиторлық палата ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы былықтарды әшкереледі.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығындағы субсидияның аудит қорытындысын жария етті.

Ә.Смайыловтың айтуынша, 142 млрд теңге бюджет қаржысы тиімсіз жоспарланып, пайдаланылған. Сондай-ақ 2 млрд теңгеге қаржы саласындағы талаптарды бұзу деректері анықталды. Экономикалық шығын мен жіберіп алған пайда — шамамен 5 млрд теңге. Бюджетке 2 млрд теңге қайтарылған. Төрт дерек бойынша материалдар құқық қорғау органдарына, 322 материал әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жіберілген.

«Бір мыңға жуық адам 1,5 млрд теңгеге субсидия рәсімдеген. Бірақ салық органдарында кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Түркістан облысында 15 субъект 225 млн теңгеге іс жүзінде жоқ инвестицияға субсидия алған. Мұнда жалған шот-фактура мәселесі бар. Абай облысында екі кәсіпорын жалған ақпарат ұсынып, сатып алынбаған ауыл шаруашылығы техникасына 131 млн теңге субсидия тартқан. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңірлердегі басқармалардың 8 лауазымды қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Одан басқа әкімшілік жауапкершілікке тартылатын тағы 320 адам бар», — деді Әлихан Смайылов.

JQ-Aqparat

Фото: freepik.com

30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет