jasqazaq.kz

Студент 3 сәбиді құтқарып қалды

29 қантар 2018, 17:49

Семейлік студент колледж жатақханасынан шыққан өрттен үш баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 26 қаңтар күні Семейдегі құрылыс колледжіне тиесілі жатақхананың бесінші қабатында электр есептеуіш пен автомат тұрған қалқаннан өрт шыққан. 4-курс студенті Жасұлан Берекеев осы жатақхананың төртінші қабатында тұрады.

Үстіңгі қабаттан жылаған баланың даусын естіген ол құтқарушылардың келуін күтпестен, өз бетімен әрекетке көшкен. Баланы үшінші қабатта тұрған ересектерге тапсыра салып, үстіңгі қабаттың басқа бөлмелерін де тексеріп шықпақ болады. Соның нәтижесінде тағы екі баланы ажал аузынан алып қалған. «Балалардың бетін күрткемен бүркедім де, төменге түстім. Бәрі қас қағымда өтті. Қорқуға уақыт болған жоқ», — дейі 21 жастағы жігіт. Өрт сөндірушілер келгенше жатақхана тұрғындары қызыл жалынмен өз беттерінше арпалысыпты. Осының арқасында тілсіз жау басқа қабаттарға тарап үлгермеген. Қазір Жасұлан Берекеев құтқарған үш бала да дін аман. Колледж басшылығы студентті көрсеткен ерлігі үшін марапаттайтын болды.

 

10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті