«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Мәдениет және спорт министрлігі және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» корпоративтік қоры арсында жасалған үш жақты келісім шеңберінде 5 млрд теңге көлеміндегі алғашқы транш ағымдағы жылдың 13-ақпанында жасалды.
Аталған құжатқа сәйкес, Мәдениет және спорт министрлігі «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамынан бөлінген қаражаттың Корпоративтік қор тарапынан мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізуге жауапты.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлағандай, келесі транш Корпоративтік қордың алдын ала өтінімі бойынша әр тоқсан сайын жасалатын болады.
Осылайша, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамы еліміздің спорттағы жоғары жетістіктері мен ұлттық спорт түрлерін қаржыландыруды тоқтатқан жоқ.