Футзал, баскетбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат пен әскери-қолданбалы спорт түрлері – спартакиаданың негізгі турнирлері.
Жеребе тартып, ойын алаңдарына жайғасқанша оқушыларға сәттілік тілеп келген жұлдызды қонақтар қатысушылармен сұхбаттасып үлгерді. Олардың қатарында тоғызқұмалақ бойынша 2017 әлем чемпионы Нусерова Кымбат Маратовна, Пxенчxандағы 12 қысқы паралимпиадалық ойындар чемпионы Александр Колядин, гроссмейстер Костенко Петр Евгеньевич пен мәдениет және спорт басқармасының өкілдері қатысты
Ендігі кезекте, тартысты аламанның нәтижелерін ұсынамыз. Меңдіқаралық қыздар тоғызқұмалақ шеберлері болып шықты. Екі бірдей жүлделі орынның иегерлері атанған Смаилова Жансая мен Айсаева Арайлым туған жерлеріне алтын мен күміс апарады. Үшінші орын – Қостанай қаласы, №10 орта мектеп оқушысы Мұхтарова Талшынның еншісінде. Жігіттер арасында жеңіске жеткен Жақсылықов Нұрсұлтан (Мәуленов атындағы гимназия, Қостанай). Екінші орын Мнайдаров Рауан (Меңдуқара ауданы), үшінші орын — Жинхуу Бекарыс (Федоров ауданы).
Қарасу ауданы Меңдіқаралықтарды шаң қаптырып, футзалдан алтын жүлдеге қол жеткізді. Үшінші орын Қостанай ауданының жігіттерінде. Сонымен қатар Қостаанй ауданының қыздары баскетболдан алтын алса, қалалықтар күмісті иеленді, қола жүлде Федоров ауданының баскетболшы қыздарында.
Ұлдар арасындағы шахмат ойындары: 1 орын – Салимов Руслан (Қостанай қаласы физико-математикалық мектеп), 2 орын – Алдабергенов Альрами (Қостанай қаласы Назарбаев зияткерлік мектебі), 3 орын – Саржанов Шыңғысхан (Қостанай қаласы №17 орта мектеп). Қыздар арасында: 1 орын – Одинцова Ева (М.Горький атындағы мектеп-гимназиясы, Қостанай), 2 орын – Габдуллина Надежда (Қостанай қаласы, Назарбаев зияткерлік мектебі), 3 орын – Құдабаева Зарина (Сарыкөл ауданы).
Үстел теннисі: 1 орын – Қалиев Ернар (Қостанай қаласы №8 орта мектеп), Биахметова Дана (Қостанай ауданы), 2 орын – Алим Еркін (Алтынсары ауданы), Амангелді Ділназ (Қамысты ауданы), 3 орын – Табанов Асхат (Қостанай ауданы), Ким Ольга (Рудный қаласы).
Әскери қолданбалы спорт түрлері: 1 орын – Лисаковск қаласы, 2 орын – Рудный қаласы, Дм.Қарбышев №14 орта мектеп, 3 орын – Наурызым ауданы.
Жеңімпаздардың барлығы бағалы сыйлықтармен марапатталып, Балдәурен ойын-сауық кешенінде өтетін ақтық мәреге жолдама алды.
Естеріңізге салсақ, жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қоры іске асырады.