jasqazaq.kz

«SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасының қорытындылары белгілі болды

05 маусым 2018, 17:40

«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында өтіп жатқан «SportFEST Kazakhstan» мектеп спартакиадасының финалдық ойындары өз мәресіне жетті.

Бүгін қазан айынан бастау алған ауқымды республикалық спорттық жобаның қорытындылары анықталып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Еліміздің барлық облыстарынан келген оқушылар мамырдың 31-нен бері жігіттер арасындағы футзал, әскери қолданбалы спорт түрлері, шахмат, үстел теннисі, қыздар арасындағы баскетбол мен тоғызқұмалақ бойынша бақ сынасты.

Қатысушылар үшін биылғы жазғы демалыс ерекше басталып, қызықты естеліктермен есте қалатыны сөзсіз.

«Біз баскетбол командасымен Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданының намысын қорғауға келдік. Жоба өте ұнады, әсіресе, Балдәуренге келгенімізге өте қуаныштымыз. Бұл жердің табиғаты керемет екен, кеше Бурабайға экскурсияға барып қайттық. Қазақстанның әр жерінен келген балалармен достастық. Бұл спартакиада жазғы демалысымыздың қызықты бастауы десек те болады. Күнде жаңа нәрсе үйренеміз, ойнап, ән шырқап, билейміз. Тіпті, өз қолымызбен әр түрлі кәдесыйлар да жасадық. Әр таңымыз бен кешімізді “Жастар” тобының үйлестірушілерімен өткіземіз. Кино кештері, концерттер, отты шоу сияқты таңғалдырарлық шараларды өткізіп жатқан «SportFEST Kazakhstan» жобасының ұйымдастырушыларына көптен-көп рахмет. Алдағы уақытта да қатысып, келгіміз келеді» — дейді жас спортшы Маусым Эмбиева

Жарыстардан басқа, финалдық кездесу әр түрлі конкурстар, экскурсиялар және мәдени шаралармен есте қалды. Бұдан бөлек, жас спортшылар бос уақыттарын тоқу, өнер сабақтары, ән салу, би үйірмелерінде өткізді.

«Спартакиадаға қатысарда мен өзіме екі мақсат қойдым. Біріншісі тәжірибе жинау болса, екіншісі жүлделі орын алуға тырысу. Енді облысымның намысын қорғап, ақтық мәреде өнер көрсеттім. Спартакиадаға қатысу арқылы көптеген достар таптым. Бәрі де қатты ұнады, біздің уақытымызды тиімді өткізу үшін түрлі шаралар ұйымдастырылды. Күн сайынғы тәттілер бөлек әңгіме. Жалпы бұл жоба жыл сайын ұйымдастырылса екен деген тілегім бар», — деп өз ойымен бөлісті қызылордалық Тоғжан Мұхтарқызы.

Сыйлықтар қоры жас спортшылардың тілектеріне сәйкес құрылды: бірінші орын жеңімпаздарына велосипедтер, екінші орын иегерлеріне — гироскутер болса, үшінші орын жүлдегерлеріне электросамокаттар сыйға

тартылды. Жоба туралы өз ойларымен бөліскен әлеуметтік желі бесенділері де назардан тыс қалмай, сыйлықтармен марапатталды.

Бір жыл ішінде «SportFEST Kazakhstan» жобасы еліміздің жүздеген оқушыларының басын қосып, жазғы демалыстың тамаша бастауы болды. Айта кетейік, спартакиада финалының салтанатты ашылу рәсімінде Дариға Назарбаева бұл жарысты жыл сайын өткізуге ұсыныс жасады.

Қазақстан бойынша 6000-нан астам оқушыны біріктіріп, спортқа баулыған республкилық спартакиаданың ұйымдастырушысы — “Коммуникативті бастамалар мен стратегиялар қоры” жеке қоры мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры.

Павлодар облысы үстел теннисі бойынша абсолютті чемпион атанды: Бақанова Әйгерім мен Андосов Сабыржан алтын медальді иеленді. Қыздар арасындағы 2 орынды Нұрмұхамбетова Асем (БҚО), ал 3 орынды — Дарюбаева Айдана (Алматы облысы) алды. Ұлдар арасында 2 орынды Усипбаев Жанболат (ОҚО), 3 орынды — Жамашев Ислам (Ақтөбе облысы) қанжығалады.

Әскери-қолданбалы спорт түрлерінен алматылықтар жеңімпаз атанса, екінші орынды Шығыс Қазақстан және үшінші орынды Ақтөбе облысы алды.

Шахматтан қыздар арасында 1 орын — Лесбекова Асель (Алматы), 2 орын — Абдуали Самал (Қызылорда облысы), 3 орын — Сагинтаева Арай (Қарағанды облысы). Ұлдар арасында: 1 орын — Жалмаханов Рамазан (Алматы облысы), 2 орын — Биксултанов Диаз (Павлодар облысы), 3 орын — Шапиев Алимхан (Ақтөбе облысы).

Тоғызқұмалақ: ұлдар арасындағы жеңімпаз — Әуелбай Ерсұлтан (Астана), 2 орын — Тұрақбай Жұмагелді (Маңғыстау облысы), 3 орын — Беркінбаев Жарылқасын (ОҚО). Қыздар: 1 орын — Байболат Гүлназ (ОҚО), 2 орын — Смаилова Жансая (Қостанай облысы), 3 орын — Нұрмедин Әйгерім (Ақтөбе облысы).

Қыздар арасындағы баскетбол: 1 орын – Ақмола облысы, 2 орын – Ақтөбе облысы, 3 орын – Қостанай облысы.

Жасөспрімдер арасындағы футзал: 1 орын – Атырау облысы, 2 орын – Қызылорда облысы, 3 орын — Алматы қаласы.

Бүгін, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр