jasqazaq.kz

Спорт кешені бар-жоғы 12 мың теңгеге сатылыпты

02 наурыз 2018, 14:48

Павлодар облысында жекешелендірудің кешенді жоспарына енгізілген «Спортсервис» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның небары 12 мың теңгеге сатылып кетуі өңір басшылығының наразылығын тудырды. Наразылықтың туындауы орынды, себебі бәссаудаға бастапқы бағасы 194 млн теңгеге қойылған нысан тым арзан бағаға кетті.

Baq.kz хабарлағандай, билік басындағылар мүліктік кешен құрылысы аяқталмаса да, бұл баға ойға қонымсыз деген пікірде. Сол себепті облыс әкімі Болат Бақауов жауапты мекемден бұл мәселенің туындауына қатысты түсініктеме сұрады.

Болат Бақауов «Қазіргі уақытта облыс орталығындағы Усолка шағын ауданында Sport Сity атты спорт кешенін дамытып жатырмыз. Төрт объект бой көтереді деп жоспарлануда. Ал жер көлемі бір гектардан асатын нысан небары 12 мың теңгеге сатылды. Бұл жерге бағаналарды орнатуға 100 млн теңге жұмсалды. Егер сатылмаса, онда сенімді қолға беру керек еді», — дейді .

Павлодар қалалық қаржы бөлімінің басшысы Әлия Қажыбекованың айтуынша, бастапқыда «Спортсервис» нысанын сенімді қолға беру жоспарланған. Дегенмен, бірнеше рет тендер өткізіліп, нәтиже шықпапты.
«Тендер үш рет өткізілді. Өтініштер болмағандықтан, шара жүргізілмеді деп танылды. Кейін сауда-саттықтың әдісі өзгертілді. Жекешелендіру жолымен сатып алу жолы қарастырылып, электрондық бәссауда өтті. Алғашқы сауда бағаны көтеру, екінші сауда бағасын 50%-ға дейін төмендету әдістері негізінде жүргізілді. Үшінші сауда минималды бағасын бекітпеу арқылы өтті», — деп түсіндірді мемлекеттік мекеменің басшысы Әлия Қажыбекова.
Мүліктік кешен құрамында жиһаз, тұрмыстық және құны 550 мың теңге болатын компьютерлік техника бар. Құрылысы аяқталмаған бассейн мен мердігердің 97 млн теңгелік дебиторлық қарызы тағы бар.
Облыстық қаржы ведомствосының мәліметінше, «Спортсервис» кәсіпорнын алматылық инвестор сатып алған.
«Бәссаудада жеңіске жеткен кәсіпкер ат спортын дамытуға ниетті. Құрылысы аяқталмаған нысан қалыпқа келтіруге жарамсыз. Ал жер учаскесі сатылған жоқ, жер жалға берілген», — дейді мамандар.
Айта кетейік, қаладан 10 шақырымдық жердегі нысанның жалпы аумағы — 108 гектар. Бұл құрылыс 2013 жылы басталған. Араға бір жыл салып жоба инфрақұрылымы жоқ деп тоқтатылған болатын. Бұл аумақта ірі спорт нысандары салынады деген жоспар болған. 2017 жылға дейін күрес орталығы, 2500 көрерменге арналған жеңіл атлетика манежі, мұз сарайы, жабық футбол манежі, сондай-ақ 2400 орынға есептелген ипподром болады деп күтілген.

Бүгін, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
Бүгін, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Бүгін, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді