jasqazaq.kz

Сот вайнер Мейіржан Төребаевтың өтініші бойынша шешім шығарды

25 желтоқсан 2024, 16:42

Сурет: instagram.com/meirzhach_tv

Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты М.Төребаевтың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 73-бабында көзделген жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңілірек жазамен ауыстыру туралы өтінішін қарады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Сотта Төребаевты Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2023 жылғы 23 маусымдағы үкімімен Қылмыстық кодекстің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы (қаржы пирамидасын құру және басқару) бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын. Азаматтық талаптың жалпы сомасы 814 120 806 теңге, мемлекеттік баж түріндегі сот шығындары 8 060 602 теңге. Үкім 2024 жылдың 1 ақпанында заңды күшіне енді.

«Сот талқылауы барысында сотталғандарға жазаны неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы өтініш хатты қанағаттандырудың негізгі критерийлерінің бірі болып табылатын зиянның өтелмегені де анықталды», — делінген Сот хабарламасында.

Барлық мән-жайларды ескере отырып, сот М.Төребаевтың жеке ісінің материалдарын жан-жақты зерттеп, сот қаулысымен өтініш хатты қанағаттандырусыз қалдырды.

ҚК-нің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес, онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға, ол қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген не жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қас көйлікпен бұзбаған жағдайда, сот жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруы мүмкін.

 

 

 

Бүгін, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды