jasqazaq.kz

Сонда тегін берілетін дәрі-дәрмек сатыла ма?

28 ақпан 2018, 12:48

Еліміздің бас дәрігері Елжан Біртанов тегін дәрілердің ұрланып жатқанын айтып дабыл қақты. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, пациенттердің 20 пайызы дәрі-дәрмекті алмаған. Бұл мәселе денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген мәжілісінде көтерілді, — деп хабарлайды jasqazaq.kz тілшісі.

Алайда жергілікті атқарушы мекемелер бәріне қолма-қол бергенін айтады. Бұдан бөлек, науқастардың тағы 18 пайызы дәрілерді толық алмапты. Ал 20 пайыз дегеніңіз елімізді екі ай тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жетеді екен. Министрдің айтуынша, мемлекет бір жағынан дәрі-дәрмектердің тапшылығын шешуге тырысса, жергілікті жерде ол дәрілерді ашық ұрлайды. Бірақ оны қайда жіберіп жатқанынан хабарсыз. Кейбір мәліметтер бойынша ондай дәрілер жекеменшік дәріxаналарға түседі. Тіпті, шекара асып, көрші елдердің нарығына кетіп жатыр деген деректер бар.
Айта кетейік, алқа мәжілісі кезінде аталған мәселені Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаев та көтеріп, xалықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласындағы тәртіп бұзушылықтарды атаған болатын. Е.Досаев «Халықтың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты наразылығы әлі де басылмай тұр. Маған осы мәселе бойынша депутаттардан да, қоғамдық ұйымдардан да сауал жиі түседі. Соған қарағанда, науқастарды дәрі-дәрмекпен дұрыс қамтамсыз етпейді. Препараттар берілмесе де, қағаз жүзінде берілді деп жаза салады. Тегін дәрілерді ақшаға сату фактісі де бар. Сосын дәрігерлер пациенттерді дәрі-дәрмектерді сатып алуға міндеттейді екен. Ондай мекемелердің басшыларына қатысты қатаң шара қолдану қажет», — деді. Сәуір айының аяғына дейін барлық өңірде ревизия өткізілмек. Содан кейін нақты қай өңірде қанша дәрі-дәрмек жетіспейтіні анықталады.

30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді