jasqazaq.kz

Sport FEST Kazakhstan республикалық спартакиадасы өтті

02 мамыр 2018, 17:47

Солтүстік Қазақстан облысының оқушылары Sport FEST Kazakhstan республикалық спартакиадасының іріктеу ойындарына қатысты.

Аймақтың сегіз ауданынан келген жас спортшылар республикалық додада туған жерлерінің намысын қорғады. Қатысушылар спартакиаданың алты спорт түрі — футзал, әскери-қолданбалы спорт түрлері, шахмат, үстел теннисі, баскетбол мен тоғызқұмалақ ойындары бойынша бақ сынасқан.

Жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобалардың дамыту қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар мен стратегилар қоры» іске асырады. Бұл тарапта ұйымдастырушылар іс-шаралардың ретімен таныстырып өтті.

“SportFEST Kazakhstan” – бұл ең ауқымды республикалық балалар спартакиадасы. Ерекшелігі қатысушылар спорттық жетістіктерге ие емес және ешқандай спорттық атақтары жоқ. Осы уақытқа дейін еліміздің барлық аймақтарына барып қайттық. Петропавл біз келген соңғы қала. Жалпы 6000 мыңға жуық қатысушы қамтылды. Аймақтық ірктеуден өткендердің барлығы, Щучинск қаласындағы Балдәурен ойын-сауық кешенінде өтетін ауқымды бағдарламаға толы іс-шараға қатысады. Балалр үшін ойын алаңдары, сауықтыру кешендері, арнайы дайындалған концерттік бағдарламалар мен бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылатын болады» — дейді «Коммуникативтік бастамалар мен стратегилар қорының» Бас директоры Айбек Қазығұлов.

Айта кетері, ешбір қатысушы сыйлықсыз қайтқан жоқ. Спортшылардың барлығына да сертификаттар ұсынылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұдан бөлек, қалыптасқан дәстүр бойынша шара барысында қолданылған спорттық құрал-жабдықтардың барлығы Петропавл қаласының №21 мектебіне табысталды.

Солтүстік-Қазақстан облысының нәтижелері

Қызылжар ауданының баскетболшы қыздары алтынға қол жеткізсе, Мамлюттік арулар екінші орынды місе тұтты. Ал Петропавл қаласының бойжеткендері үшінші орында.

Досмұхамедов атындағы гимназия-интернатының жігіттері футзалдан жеңіс тұғырынан көрінсе, Есіл ауданының ұлдары екінші орынға қол жеткізді. Қола жүлде Мамлют ауданының бозбалаларында.

Әскери-қолданбалы спорт түрлері: 1 орын — Шал ақын ауданы, 2 орын — Назарбаев зияткерлік мектебі, 3 орын — Қызылжар 2 ауданы.

Үстел теннисі: 1 орын — Малдыбаев Адильхан (Петропавл қаласы, ҚМГ), Зикирина Амина (Шал Ақын ауданы), 2 орын — Якоби Роман (Шал Ақын

ауданы, Сандыбай Жазира (Петропавл қаласы, ҚМГ), 3 орын — Кульбаев Жаксылык (Аққайын ауданы), Зленко Анастасия (Қызылжар ауданы).

Шахмат: 1 орын — Маратов Махмед (Назарбаев Зияткерлік мектебі Петропавл қ), Кожикова Малика, (БЭСТ Гимназиясы Петропавл қ), 2 орын — Серік Мадияр (Есіл ауданы), Абаева Камила (Назарбаев Зияткерлік мектебі Петропавл қ), 3 орын — Сапар Ансар (Жамбыл ауданы), Сұрағанова Жаңыл (Досмұхамедов ат.ГИ, Петропавл қ).

Тоғызқұмалак: 1 орын — Искал Айтали, Сулейменова Дамира, 2 орын -Маликов Ерлан, Макуова Дильназ, 3 орын — Елисов Эльдар, Жанғали Еркегүл.

Солтүстік-Қазақстан облысындағы іріктеу турларының нәтижелер кестесін және шара барысында түсірілген суреттерді http://sportfest.kz сайтында көре аласыздар.

Бүгін, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
Бүгін, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен