jasqazaq.kz

Соғыс кезінде Нидерландыда қаза тапқан қазақстандықтардың ұрпақтарын іздестіру

16 қыркүйек 2024, 9:24

Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен қазақстандық жауынгерлердің дерегін (олардың жалпы саны 271 мыңнан астам) жүйелі іздеу жұмыстары күні бүгінге дейін жалғасуда. «Atamnyn Amanaty» қоғамдық ұйымы осы игі іспен бес жылдан бері айналысып келеді. Аталған кезеңде оның ресми сайтына майдангер ұрпақтарынан 9 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Барлығы 4000-ға жуық қазақстандық жауынгердің жерленген орындары мен жеке басы анықталып, 19 отандасымыздың сүйегі туған жеріне әкелініп, әскери құрметпен жерленді.
Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде 50-ден астам келісімге қол қойылды. Оның ішінде Нидерланды Корольдігінің «Советтік Даңқ алаңы» қоры да бар. Аталмыш қордың директоры Ремко Рейдингтің айтуынша, Голландиядағы «Амерсфорт» концлагеріндегі әскери тұтқындар арасында қазақтар да болған көрінеді. Ол кейін өз болжамын дәлелдеді де. «Atamnyn Amanaty» іздестіру тобының көмегімен голландықтар Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде сол лагерьде қаза тапқан жауынгердің ұрпақтарын – Алматыда тұратын Баратовтар отбасын іздеп тапты.


Жақында қор өкілдері Голландияда жерленген тағы тоғыз қазақстандықтың тізімін бізге табыс етті. Отандастарымыздың аты-жөндері мен басқа да деректерін жариялау арқылы олардың тікелей ұрпақтары немесе жақын туыстары табылар деген үміттеміз:
1. Ахметов Сәдуақас, 1916 жылы туған, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңа Арқа ауылы. ҚазКСР.
2. Белоусов Иван, 1911/1912 ж.т., ҚазКСР.
3. Боярский Михаил Петрович, 1890/97 жылы туған, Яблоновка ауылы (Макинка ауылы) немесе Зауралький ауыл советі, Еңбекшілдер ауданы, Ақмола облысы, ҚазКСР.
4. Буторин Константин Григорьевич, 1909 ж.т., Урыл/Катонқарағай, Катонқарағай ауданы, Шығыс Қазақстан обл. ҚазКСР.
5. Выходцев Федор Алексеевич, 1911/1912 ж.т., Малонарымка ауылы/Свинчатка ауылы, Ақмола облысы, Семенов ауданы. ҚазКСР.
6. Деревянко Трофим Павлович, 1906 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгер ауданы, Ленгер-Уголь. ҚазКСР.
7. Тостанов Сұрғай, 1897/1902 ж.т., «Ақтас» колхозы, Жамбыл облысы, Красногор ауданы, ҚазКСР.
8. Тягиев А.З, туған жылы белгісіз, ҚазКСР.
9. Тұрамбаев Әділхан, 1917 жылы туған, Ақшығанақ ауылы, Ақмола облысы Рузаев ауданы, Жаңа-ауыл советі, ҚазКСР.

Байланыс телефондары: 8 776 828 45 35; 8 776 828 45 34.

«Atamnyn Amanaty» ҚБ баспасөз қызметі

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды