jasqazaq.kz

СҚО: Экс — әкім алаяқтық үшін сотталды

19 қараша 2024, 16:29

Сот

Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Самат Ескендіров алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Ақмола облыстық сотының мәліметінше, қылмыстық іс шамамен жарты жыл бойы Көкшетау қалалық сотында қаралыпты.

«Е. және екінші адам несие алу мақсатында, ЖШС-і қатысушыларының келісімінсіз жиналыстардың жалған хаттамаларын құрастырып, Бурабай ауданы тұрғындарының жер телімдерін банкке кепілге берген. Осылайша сөз байласу арқылы ауыл тұрғындарының шартты жер үлестерінің құқығын иемденіп, мүлікті кепілге қою және ЖШС-нің үлестес кәсіпорына жер теліміне құқықты иеліктен шығару жолымен жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде материалдық зиян келтірді», — делінген баспасөз хабарламасында.

Ескендіровтің кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің жауаптарымен, жүргізілген тінту барысында тәркіленген төлем құжаттарымен, сондай-ақ сарапшылар мен тәуелсіз аудитордың қорытындыларымен дәлелденді.

Десек те жәбірленушілердің көпшілігі сотталушыға қатаң жаза қолданбауды сұрады. Сот олардың пікірін ескерді.
«Сондай-ақ, 2023 жылғы сот актілерімен ЖШС-нің құрылтайшылары жиналысының шешімі мен құқықтарды үшінші тұлғаларға беру туралы келісімнің күші жойылды. Яғни сотта қаралған іс бойынша жәбірленушілерге жер телімі қайтарылды, сондықтан ауыл тұрғындарына келтірілген материалдық шығынды өтеуге негіз жоқ», — делінген хабарламада.

JQ-Aqparat

30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет