jasqazaq.kz

СҚО әкімі: Наурызда киіз үйлер ұдайы ашық тұруы керек

28 ақпан 2018, 11:04


Солтүстік Қазақстан облысында бұдан былай көктем мерекесіне арналып тігілген киіз үйлерден әкімдер емес, тұрғындар дәм тататын болды. Сондай –ақ, орталық көшелерде мереке күндері жол қозғалысын шектеуге де тыйым салынды деп хабарлайды КТК.

Бұрын орталық көшелер жабылып, оған аудандардан әкелінген киіз үйлер тігілетін. Ал оның ішін ұлттық тағамдар мен түрлі әбзелдерге толтыру үшін сол ауданның мұғалімдері мен бюджеттік мекеме қызметкерлерінен ақша жиналатын болған.

Енді бұл да болмауы керек. Әр ауданның әкімі өз жерінде, өз жерлестерін құттықтауы тиіс деп шешілді.

Қызылжардың арбаты саналатын Конституция көшесінің бойына ғана киіз үйлер тігіліп, кіремін деген кез-келген жан үшін үш күн бойы ашық тұрмақ. 20 жыл бойы мереке күндері жабылатын орталық көшелерде биыл тұңғыш рет жол қозғалысы сол күйі қалатын болды.

Тағы бір жаңалық, бұдан былай көктем мерекесі көпқабатты үйлердің аулаларында да тойланады.

Естеріңізге салсақ, облыс әкімі Құмар Ақсақалов жаңа жылды тойлауға бір тиын да бөлмей, бар қаржыны осы аулаларды көркейтуге жұмсау керек деген еді.

«Біз бұрын киіз үйлерді іштен жауып алып, жұртқа ас беретін едік. Оны жасыратын несі бар. Енді жабық есік жағдайындағы түстенулерді доғарыңдар. Бұл ұлттық мереке, сондықтан киіз үйлер ұдайы ашық тұруы керек, кірген адамға салт-дәстүрімізді көрсетуге міндеттіміз», — деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді