Сирияның Идлиб қаласында жарылыс болды. Шаһар орталығында автокөлік ішіндегі жарылыш зат іске қосылып, салдарынан 5 адам қаза тапты.
Тағы 50 тұрғын түрлі жарақат алған. Зардап шеккендердің қатарында балалар бар. Жергілікті билік марқұмдардың саны өсуі мүмкін дейді. Айта кеткен жөн, қазір Идлиб провинциясы қазір қарулы көтерілісшілердің бақылауында. Сондай-ақ өңірдің бір бөлігінде «Джебхат ан-Нусра» лаңкестік тобының мүшелері де өз ықпалын жүргізіп отыр.