Елордада барлық кепілгер елдердің делегацияларының қатысуымен Сирия бойынша Астана процесі аясында екіжақты және үшжақты келіссөздер басталды.
Әнуар Жайнақовтың хабарлауына қарағанда, Астанадағы Сирия бойынша келіссөздердің осы раундына АҚШ делегациясы қатысудан қалыс қалған. Осыған дейін хабарланғанындай, кепілгер елдерден алынған ақпараттарға сәйкес, Астанадағы келіссөздер барысында тараптар Сириядағы қазіргі жағдайды, соның ішінде деэскалация аймақтарында гуманитарлық мәселелерді және сенімді нығайту шараларын талқылайды, сондай-ақ осы араб еліндегі дағдарысты реттеу процесін дамытуды үйлестіру мәселелерін қарауға ниетті.