Шымшаһарда дәрігерлер тәжірибе алмасты

20 сәуiр 2024, 23:21


Біздің елімізде медицина тақырыбына арналған жиындар, конференциялар, форумдар тағы басқа шаралар өткізіліп тұрады. Түрлі форматта ұйымдастырылатын басқосудың қаншалықты қажет екенін медицина саласындағы мамандар жақсы біледі. Өйткені денсаулық саласында жыл сайын түрлі өзгерістер болып, жаңалықтар ашылады, зерттеу нәтижелері жарияланады. Медициналық құрал-жабдық, дәрі-дәрмекті былай қойғанда, түрлі сырқатты емдеуге арналған тың әдістерден бүгінгі дәрігер хабардар болуы тиіс. Сондықтан Шымкент қалалық денсаулық басқармасы мұндай іс-шараларды жиі өткізеді.
Жуырда өткізілген сондай іс-шараның бірі — Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы және Қазақстан онкоурологтар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен, онкологиялық орталықта «Онкоурологиялық аурулардың алдын алу мен диагностикалаудың өзекті маселелері» тақырыбында өткен ғылыми-практикалық семинар. Аталған іс-шарада Онкоурологтар қоғамдық бірлестігінің басшысы Т.Құрманов, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің профессоры, медицина ғылымының докторы С. Есентаева, Ұлттық онкология ғылыми зерттеу орталығының маманы Ш.Мұғалбеков және орталық мамандары өз тәжірибелерін ортаға салды.
Тәжірибе алмасу бағытындағы семинарға шаһардағы барлық онколог, уролог дәрігерлері қатысты. Дәл осы семинар барысында бүйректің қатерлі ісігіне шалдыққан науқастарға лапароскопиялық бүйрек резекциясы жасалды. Бұл бағыттағы ғылыми-практикалық іс шаралардың қатерлі ісіктерді емдеу мен ерте анықтауда алатын орны зор екені сөзсіз.
Сонымен бірге қалалық онкологиялық орталығында 19-20 сәуір аралығына жоспарланған денсаулық сақтау басқармасы мен Қазақстан эндоскопистер қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Заманауи диагностикалық және оперативті эндоскопияның мүмкіндіктері» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізілді.
Аталған іс шараға Қазақстан эндосскопистер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қанат Өмірзақұлы Батырбеков және А.С. Логинов атындағы Мәскеу клиникалық ғылыми-практикалық орталығының бас эндоскопист дәрігері Иван Юрьевич Недолужконың қатысуымен заманауи эндоскопияның мүмкіндіктері тақырыбында дәрістер оқылып, тоғыз науқасқа түрлі деңгейдегі күрделі оталар жасалды.
Ғылыми-практикалық семинарға Шымкент, Алматы қалаларымен қатар, көршілес Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының мамандары қатысты.

Айдос Құсайынұлы

Суреттер: Шымкент қаласының денсаулық басқармасы

14 наурыз, 18:47
Транскаспий дәлізі: Орнықты да оңтайлы
14 наурыз, 18:31
Файзулла Мұстафинұлы: Мақта кластері сыртқы нарыққа тәуелділікті азайтады
14 наурыз, 14:01
Қыздан туған бала жиен бе әлде немере ме?
05 наурыз, 12:03
Дәулет Дидахметұлы: Әкемнің шығармалары – уақытпен өлшенбейтін құндылық
01 наурыз, 10:08
Президент: Асыл дініміз де, ата дәстүріміз де жұртты жақсылық пен жасампаздыққа үндейді
24 ақпан, 11:57
Жалған психологтар мен коучтардан қалай арыламыз?
19 ақпан, 16:29
Ораза ұстап арақ ішсе, сауабы болмайды
19 ақпан, 14:25
Алмақтың салмағы: танымал тұлғалардың салық төлеуден басқа амалы жоқ
18 ақпан, 12:10
"Б/У" гүлдің саудасы. Шын көңілмен сыйлаған гүлді сату дұрыс па?