jasqazaq.kz

Шымкенттің автобустары да «Зың-зың»

08 ақпан 2018, 16:39

Шымкентте орындықтары жұмсақ диванға ауыстырылған қоғамдық автобус қатынай бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Енді жолаушылар №60 А бағытында жүретін қалалық автобуста арқаны кеңге салып, барар жеріне жұмсақ әрі жайлы диванға жатып жетеді.

Фейсбукті пайдаланушылардың бірі желіге ерекше автобустың суретін орналастырды. Қала тұрғындары таңданыстарымен қатар, алғыстарын да айтып, жазуда.

Ал Шымкент қаласының әкімдігі жаңаша үлгіде бір ғана автобус жабдықталғанын айтты. Басқа қоғамдық көліктердің орындықтарын жайлы жиһаздарға алмастыру көзделмеген.

«Мұндай автобустың саны біреу ғана. Алдағы уақытта басқа автобустарда мұндай болмайды. Жаңадан келетін автобустарды да өзге жиһазбен жабдықтау жоспарланып отырған жоқ», — деді қала әкімінің баспасөз хатшысы Әйгерім Жұмағұлова.

Еске салайық, жуырда ғана шаһарға жаңадан 70 автобус жеткізіліп, тағы 30 қоғамдық көлік әкелінетіні туралы хабарланған еді.

Бүгін, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
Бүгін, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
Бүгін, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
Бүгін, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
Бүгін, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
Бүгін, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
Бүгін, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
Бүгін, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады
03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады