Шымкентте концертін өткізген Төреғали Төреәліге жергілікті тұрғындар ақбозат мінгізді.
Nur.kz хабарлағандай, «Айналайын Шымкентім-ай, десеңші! Ақбозат мінгізіп жатқан, мақтадай әппақ көңілдеріңізден айналайын. Мамыражай мамыр айы құтты, берекелі болсын, ағайын», — деп жазды Төреғали Төреәлі.
Ал желі қолданушылары «Көкірегің әлі көкте тұр ғой», «Бұрынғы қадірің-ай, қайта келмейді», «Ендігіңнің бәрі жасанды» деп сынап тастады.
Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын белгісіз әйел әншінің афишаларын жыртып тастаған болатын.