Шымкентте жер сілкінді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жер сілкінісі шамамен 3-4 балды құраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сейсмолог мамандардың сөзінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік -батысқа қарай 894 км қашықтықта Ауғанстан аумағында болған. Таулы аймақта 6,9 балдық сілкініс тіркелді. Күндізгі сағат 13:07-де болған жер дүмпуін Тараздықтар да сезінген. Жамбыл облысында 3 балдық тербеліс тіркелгені анықталды.