«Жас ұлан» республикалық мектебінің оқушысы жоспарлы оқу-жаттығу кезінде көз жұмды, деп хабарлайды Қазақстанның Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, қазір тиісті органдар тергеу жүргізіп жатыр.
«ҚР қорғаныс министрлігі басшылығы оқушының отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады», — делінген хабарламада.
«Жас ұлан» республикалық мектебі оқушыларға мемлекеттік және шет тілдерін тереңірек үйретуге, әскери тәртіпке бейімдеуге, сонымен бірге физикалық дайындығын жетілдіруге бағытталған. Мектеп-интернаттар Алматы, Астана, Қарағанды және Шымкент қалаларында бар.